Алакөл ауданында "Мақал - сөздің мәйегі" атты байқау өткізілді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 мамыр, 2019

Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде ұлттық рухымыздың түп қазығы әдеби құндылықтарымызды жастар бойына сіңіру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында «Мақал-сөздің мәйегі» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға сөз мәйегі болып табылатын мақал-мәтелдер арқылы өз білімдерін ортаға салған 18 қатысушы бақ сынасты.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ырғайты ауылдық округінен Кабдикаримова Диана, І орынды Үшарал қаласынан Тоқтасынова Фариза, Жанама ауылдық округінен Темешов Жәнібек иеленіп, ІІ орынды Бескөл ауылдық округінен Нұрмұқаш Дамир, Еңбекші ауылдық округінен Өмірсерік Мерей, Арқарлы ауылдық округінен Турсынханова Ажар, ІІІ орынды Теректі ауылдық округінен Сіләмбек Шынар, Бескөл ауылдық округінен Ақбулатова Айым, Үшбұлақ ауылдық округінен Сүлейменова Мейірім, Екпінді ауылдық округінен Алпысбаева Айжан және Ырғайты ауылдық округінен Асхатқызы Айдана еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Баға беріңіз