Алакөл ауданында "Тіл - парасат" байқауы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 мамыр, 2019

З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тіл - парасат» атты этнос жастары арасында аудандық байқау өткізілді. Байқауға барлығы 10 өзге ұлт өкілдері қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жыланды ауылдық округінен А.Боловнева жеңіп алды. І орынды Екпінді ауылдық округінен Ә.Тыныбаева, ІІ орынды Тоқжайлау ауылдық округінен В.Дурсунова мен Лепсі ауылдық округінен Ф.Аитоволар қанжығаласа, ІІІ орынды Қабанбай ауылдық округінен В.Сидорова, Бескөл ауылдық округінен В.Сахаров пен Үшарал қаласынан В.Ягель иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Баға беріңіз