Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды

21.6.2019 314
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының қорытынды салтанатты шарасы өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған дәстүрлі байқауға 118 автордан 246 материал қабылданды. Журналистер төрт номинация бойынша сынға түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурсқа ұсынылған материалдарды елімізге белгілі журналистерден құралған арнай комиссия қарап, бағалады. Байқау қорытындысы бойынша:

«Үздік мақала» номинациясы

І Идигов Атсалим Саламович «Огни Алатау» газеті, сертификат – 500 000 теңге

ІІ Тәжіқұл Қалима Бұхарқызы «Айқын» газеті, сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Есенжол Азамат Есенжолұлы «Астана ақшамы» газеті, сертификат – 150 000 теңге

«Үздік радиобағдарлама» номинациясы

І Берік Бейсенұлы «Qamshy.kz», сертификат – 500 000 теңге

ІІ Исаев Жәнібек Мырқыұлы «Kyzylorda-news», сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы «Жайық Пресс», сертификат – 150 000 теңге

«Үздік телебағдарлама» номинациясы

І Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы «Qazaqstan», сертификат – 500 000 теңге

ІІ Исабай Әлімжан Сабыржанұлы «Qazaqstan», сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Тұрсынғазина Әсел Тұрсынғазықызы «Хабар», сертификат – 150 000 теңге

«Үздік сайт мақаласы» номинациясы

І Мұхтарқұлова Гүлбану Алпамысқызы «Шалқар», сертификат – 500 000 теңге

ІІ Джунисов Рустем Ержанович «Qazaq radiolary», сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Елімсарина Альмира Тілеуханқызы («Qazaq radiolary», сертификат – 150 000 теңге) жүлдегер атанды.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының бас жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бекен Қайратұлы жеңіп алды. Жеңімпазға 1 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ шара барысында 2019 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерге Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың алғысхаты табысталды. Марапаттау кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

Тегтер: Мемлекеттік тіл және БАҚ, байқау, журналист, тілші, Тіл-Қазына
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

45

ақпарат

Кәкен Қамзин: Көркем тіл компьютерлік технологияға есе жібере қоймас

70

ақпарат

Низами Мамедов: «Қобыланды» жырын он бес жыл аудардым

114

ақпарат

Алматы қаласында"Тіл шебері 2019"қалалық конкурсы өз мәресіне жетті!