Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл оқыту әдістемелерін жүйелеу мәселелелері талқыланды

28.6.2019 231
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп республикалық апталық аясында Тараз қаласында «Тіл оқыту әдістемелерін жүйелеу мәселелелері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіру, оның емле ережелері, жаңа емлені меңгертуге арналған әдістемелер туралы сөз болды. Сонымен бірге үйрету семинарлары мен курстарын ұйымдастыру барысы туралы республиканың әр өңірінен келген орталық директорлары, әдіскерлер ой бөлісті. Семинар барысында тіл мамандары еркін тәжірибе алмасып, аймақ әдіскерлері тілді оқытуға байланысты түрлі заманауи тәсілдерді ұсынды.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің Латын графикасына көшіруді үйлестіру басқармасының басшысы Г. Мұқан, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры орынбасары Л.Есбосынова және өңірлерден арнайы шақырылған орталық директорлары мен әдіскерлер қатысты.

- Семинар барысында көптеген заманауи, тың тәсілдер көрсетілді. Олардың нәтижесін көру мақсатында әдіскерлер арасында да сабақтар жүргізілді. Жаңа ақпаратты тіл үйренушінің қабылдауы мен оны бойына сіңіруі қандай деңгейде болатындығы ішінара тексерілді. Ең бастысы, бүгінде аймақтағы оқу орталықтарының деңгейі өсіп келеді. Біздің міндет керемет методика ұсынып отырған мамандарға қолдау көрсетіп, тығыз байланыста жұмыс жасау,- деді Л.Есбосынова.

Тегтер: Тараз, семинар-кеңес, апталық, жаңа әріпті насихаттау
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

35

ақпарат

Салалық терминдерге байланысты онлайн-конференция өтеді

37

ақпарат

Жас ақындар байқауы өтті

75

ақпарат

Бірлесе көтерген жүк жеңіл