Абай өлеңдері испан тіліне аударылады

Бұл туралы Халықаралық «Еуразия ас­таналарының қаламгерлері» форумына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 шілде, 2019

Аталған жиында қала күніне орай жоспарланып отырған әде­би жиынның өту бары­сы сөз бо­лып, Қазақстан Жазушы­лар ода­ғының Нұр-Сұлтан қа­ла­лық филиалының директоры, Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қай­раткері Дәулеткерей Кәп­ұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Мәде­ниет және спорт басқармасы бас­шысының орынбасары Нари­маш Мұхамбеталина, Мем­лекет­тік сыйлықтың иегер­лері, жазушы Әлібек Асқар, ақын Несіпбек Айт­ұлы форумның рухани ма­ңы­зын тарқатып, өз ойларын ор­таға салды. Халықаралық ша­ра­ның мақсат-міндетін түсін­діре келе: «Форумды ұйым­дас­­­ты­рудағы бас­ты мақсат – Нұр-­Сұлтан қала­сының әдеби имид­жін көтеру, ха­лық­тар ара­сындағы шығармашылық бай­ланысты нығайту, әдеби агенттерді жос­парлау болып отыр», деп атап өтті, мәс­лихат ұйымдастырушысы Дәу­лет­керей Кәпұлы.

Сондай-ақ журналистермен бол­ған жиында 2020 жылы Абай Құ­нан­байұлының 175 жыл­­дығын атап өту аясында ақын­ның 100 өлеңі испан тіліне ауда­рылатыны және алдағы ха­лық­­аралық жиында испан ақы­ны Хусто Хорхе Падронмен мемо­рандумға қол қойы­латыны хабар­ланды. Әдеби форумда Абайдың мемлекеттік-қорық мұражайы Абайдың көр­месін халық назарына ұсынбақ.


Баға беріңіз