"Абай-175": Игорь Крутой Абай өлеңін оқыды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафета аясында атақты композитор Абай өлеңін оқыды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

12 шілде, 2019

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафетаны Димаштан Ресейдің атақты композиторы Игорь Крутой қабыл алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында Игорь Крутойдың қазақ халқын Абайдың 175 жылдық мерейтойымен құттықтап, артынан Абайдың орыс тіліне аударылған бір өлеңінен үзінді оқыған видеосын жүктеді. Видеода атақты композитор "Қазақтың атақты ойшыл, ақын Абайдың 175 жылдығына орай өлеңдерін оқу эстафетасын кішкентай досым, өте талантты әнші Димаш Құдайбергеннен қабылдап, Қазақстаның Ресейдегі елшісі, досым Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын" деді.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафетаны Димаш ел президенті Қасымжомарт Тасмағанбетовтан қабылдаған болатын.


Баға беріңіз