Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Алматының автобустарына қазақ тілі қажет емес пе?

23.7.2019 170
Елімізде мемлекеттік тілге деген құрметсіздік мүлде азаймай тұр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайлы күнде айтылып жатса да, бұл мәселеге шекесінен қарайтын шенеуніктер аз емес. Мемлекеттік органдардың өзі мән бермеген соң, халыққа қызмет көрсететін жеке меншік мекемелер мемлекеттік тілді аса қажетсінбейді де. Сондай олқылықтың бірін жазушы Заманбек Абдешев Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол кісінің айтуынша, Алматы қаласындағы № 65 автобус аялдамаларды мемлекеттік тілде мүлде хабарламайтын болған.

«Ағайындар! Әлгінде Алматы қаласындағы нөмірі алпыс бесінші автобуспен келдім. Бұрын аялдамаларды магниттік таспамен қазақ және орыс тілдерінде хабарлаушы еді. Кейінгі кездерде соның орыс тілдегісін ғана қалдырып, қазақ тіліндегісін өшіріп тастапты. Кейде «көшесі» деген жарым-жартылай сөздер естіліп қалады да, орыс тіліндегісі саңқылдап қоя береді. Автобус жүргізушісінен сұрасам, өзі қазақ жігіт екен, қазір барлық көліктерде солай істеді ғой дейді. Бұл не басыну?! Құрметті қала әкімі Сағынтаев Бақытжан мырза, мына жөнсіздікке жол болсын. Бұл қазақ тілін, қазақ ұлтын сыйламау ма?! Сендер, әкім-қаралар, қоғамдық көлікке отырмайсыңдар ғой. Бір уақыт соған отырып, осындай жолсыздықтарға мән берсеңдерші! Автобуста осыны айтып, бұл қалай десем, орыс ағайындар маған қарсы сөйлеп жатыр. Ал қазақтар ауыздарына су ұрттап алғандай үндемейді. Осы біз қайда кетіп барамыз?! Шыдамның да шегі бар емес пе?! Айналайын жамағат, үн қосыңдар! Мұндай сұмдыққа жол бермейік», - дейді жазба авторы.

Қоғамдық көлікте аялдамаларды қазақ тілінде хабарламау - мемлекеттік тілге деген құрметсіздіктің бір көрінісі. Ендеше бұған жол берген жауапты адамдарға тиісті шара қолдану керек. Алматы қаласы әкімдігі бұл жағдайға назар аударады деген сенімдеміз...

Тегтер: Алматы, мемлекеттік тіл, автобус, аялдама
Авторы: "Abai.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

57

ақпарат

Орысша білмесең Әкемтеатрға жұмысқа тұра алмайсың...

122

ақпарат

Әйгерім Тәжі: Ертең не күтіп тұрғаны өзіме де қызық

106

ақпарат

Евгенийдің электронды сөздігі