Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам

30.7.2019 312

Қоғам тарапынан қазіргі уақытқа «ХХІ ғасыр – ұлттық сананың жаңғыру кезеңі» - деген сипат берілген. Жалпы адам санасы жыл сайын жаңғырып отырады. Сана мен тіл тұтастықты құрайды, олар бір-бірін толықтырады, тіл – ой мен сананың тікелей болмысы. Сондықтан қазақ тілі әліпбиініңлатын графикасына көшуі– ұлтымыз үшін жасалып жатқан маңызды қадам деп түсінгеніміз жөн.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіруді нақты қолға алу керектігі жөнінде жазған еді.

Жалпы алғанда, латын жазба таңбасына көшу мәселесі еліміздің әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін жасалынып жатқан игілі істердің бірі. Осы орайда Елбасымыз айтқандай асығыстық танытпай, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуы керек.

Латын графикасына негізделген қазақ тіліәліпбиі Елбасының Жарлығымен бекітілгеннен сәттен-ақ нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Ол үшін өңірімізде барлық ресурстар жеткілікті. Аймағымыздағы жоғары оқу орындарының ең білікті деген ғалымдарынан,тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдерінен латын әліпбиіне көшу бойынша облыстық түсіндіру тобы құрылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші аталған облыстық түсіндіру тобының мүшелерімен облыс бойынша жаңа әліпбиге көшу мәселесі жөнінде кездесулер өткізіліп, республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында латын әліпбиіне қатысты мақалалар мен пікірлер жарияланды.

Сонымен қатар Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру (бірінші кезең: 2018-2020 жылдар, екінші кезең: 2021-2023 жылдар, үшінші кезең: 2024-2025 жылдар)жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2018 жылдың басында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанында латын тілі кабинеті ашылып, «Қазақ тілі және латын графикасы» атты кітап көрмесі жұмыс жасай бастады. Көрмеге келушілер әдебиеттермен танысып, басқарма қорындағы мемлекеттік тілді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен латын графикасына қатысты кітаптармен, газет-журналдармен танысады. Көрмеге әр жылдары басылып шығарылған кітап пен оқулықтар қойылды.

Сондай-ақ Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап латын әліпбиі негізінде қазақ тілін оқытуды қолға алды. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына латын қаріпі негізінде қазақ тілінеоқыту курстары мен семинарлар енгізілді. Аталған шараларға барлық санаттағы азаматтар, қазақ тілі оқытушылары мен іс жүргізушілер қамтылуда.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты латын негізді қазақ жазуын меңгертетін республикалық семинар өтті. Аталған шараға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздары,жалпы 90 тыңдаушы қатысты.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындаосы орталықтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытатын тренерлерді дайындау курстарына да өңірдегі тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатысуда. Жыл соңына дейін жоспарланған 14 тренердің 8-і қатысып, сертификаттарға ие болды. Аталған курстан өткен Қазына Қадас, Виктория Камалетдинова, Айсұлу Беспаева сынды мұғалімдер жергілікті жерлерде латын қаріпі негізіндегі қазақ тілі курстарын жүргізуде.

Өз басым қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып тұру дұрыс деп есептеймін. Өйткені жұртшылық елімізде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістердіуақытылы құлағдар болып отыруы тиіс. Осы орайдаПавлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасытарапынан «Туған тіл – байлығым» ақпараттық-танымдық 8бағдарламасы және «Мемлекеттік тіл және отбасы» 10 телехабары әзірленіп, қазіргі кезде тұрғындар назарына ұсынылуда. Сонымен қатар интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді ілгерілету, халықты барынша ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жарияланған жастар жылы шеңберінде ата-баба мұрасы ана тілін, түп мәдениетіміз бен руханиятты дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында«Қазақ тілі және латын графикасы» тақырыбында телеойын ұйымдастырылды.Зияткерлік сайыс барысында «Жастар – Қазақстанның болашағы» демекші жастар қазақ тілі алфавитінің латын графикасына көшуін зор қуанышпен қабылдағанын, мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне өз тараптарынан қалай үлес қосып жатқандарын ортаға салды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрғындармен мемлекеттік органдарының қызметкерлері арасында «Сіз латын қаріпін білесіз бе?» акциялары мен қарулы күштерінің құрылымдарында түрлі деңгейдегі кездесулерұйымдастырылды. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен жалпы орта білім беру мекемелерінде «Латынша үйренейік» акциялары өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған электрондық «Álippe» оқу кешені әзірленді.Жаңа оқыту кешені 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды латын графикасы негізінде қазақ тіліне оқытуға,коммуникативтік дағдыларды дамытуға, лексикалық қорды арттыруға, тілді табысты оқыту үшін қажетті білім алуға ынталандыруды арттыруға арналған. Аталған оқу кешені өңіріміздің барлық мектепке дейінгі мекемелеріне таратылды.

Жалпы айтқанда, Қазақ елініңлатын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Латын таңбасындағы қазақ әліпбиінің қабылдануы еліміздің тұтастығын ұстап, жаһандық деңгейде дамуы үшін қажет.Латын негізіндегі қазақ әліпбиі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпалын тигізеді. Осы орайда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» дегендей қазақ тілін дамыту бағытындағы кешенді жобаларды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеуіміз керек.

Тегтер: Павлодар, қазақ тілі, латын графикасы, жаңа әліпби

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

256

ақпарат

Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге "міндетті" болуы тиіс!

265

ақпарат

Тілден алыстау – ұлттан алыстау…

410

ақпарат

"Қазақша жақсы біледі екенсің" деді бір қазақ...