Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстандағы орыс мектептерімен қоштастатын кез келді

2.8.2019 124

Кеңестік дәуір бізге орыстық діл және орыс мектептерін мұраға қалдырды. Осы отаршылдықтың рухани-біліми мұрасы орыс мектебі қазақ елінің басын қоспай қайта іргесін ажыратын факторға айналып отыр. Әрі кейбіреулер саналы түрде орыстар басым өңірлерде қазақ мектептерінде білім жоқ, орыс мектептерінің білімі керемет деген мифпен халықтың басын айналдырып келеді.

Жаңа оқу жылы басталған шақта орыс тілді қазақтар арасында баласын қай тілде оқыту проблемасы бой көтереді. Осы проблема оң шешімін табуы үшін үштұғырлы тіл концепциясын ту етіп көтерген қазақ билігі еліміздегі орыс мектептерін қос тілді мектепке айналдыру үрдісін бастаса біраз мәселе шешіледі. Өйткені, орыс тілді мектептерде қазақ тілі әлі күнге дейін көзбояушылықпен оқытылып келеді. Онда оқыған шәкірттер қазақ тілін еш білмей шығады. Әрі қазақ жастары мектеп бітірген соң, Ресейдің ЖООларына түсіп, сол елдің азаматына айналу үрдісі кең өріс алуда. Бір ауыз қазақша білмейтін осы мектептердің шәкірттері «Алтын белгіні» өңірлеріне тағып, мемлекетіміздің білім беру жүйесін мазаққа ұшыратуда.

Бұл үрдіске тосқауыл қоятын кез туған сияқты. Солтүстік өңірлердегі мектептерді тіл тепе-теңдігін 50-50% сақтап, ал, қалған аймақтарда 70-30% қазақ тілі басымдығымен оқытатын бағдарламалар жасалуы керек. Аралас мектеп дегеніміз – қазақ сыныптары орыс мектебінің ішінде ашылып, жетім баланың күйін кешетін құбылыс емес, орыс тілді мектептің белгілі бір пайызбен қазақ және орыс тілінде білім беруге көшуі. Және орыс мектебі деген атауды мүлдем жойып, екі тілде білім беретін аралас мектеп деген аталымға көшетін кез жетті.

Түйін

Егер билік шынымен үштұғырлы тіл концепциясын жүзеге асырғысы келсе, онда таза орыс тілді мектептерді аралас тілде білім беретін білім ошақтарына айналдырсын. Балаға білім беретін педагог кадрлардың қазақша білу білмеуі санаттарын көтеретін кезде ескеріліп, қазақ тілін үйренуі үшін ақылы курстарда оқуы заңмен міндеттелсін. Орыс мектебінің атауынан құтылмай біз ел болмаймыз. Оны жабудың орнына қос тілді аралас мектепке айналдырған орынды. Сол кезде ешкімде сәбиін орыс тілді балабақшаға бермейтін болатын. Бәрі қос тілде оқитын болғандықтан қазақ тілді балабақшаға беруге көшеді.

Осы мәселені ұлт болып көтеретін кез келді.


Тегтер: мектеп, орыс мектебі, қазақ мектебі, бала, оқушы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

31

ақпарат

"Қазіргі қазақ поэзиясымен тайталаса алар бір жұртты көре алмай отырмын"

77

ақпарат

Сөзжасамдық сыры

93

ақпарат

Терминдер мен атау сөздер туралы