​А.Байтұрсынұлы қазақ емлесінің басты ұстанымын қалай анықтады?

Tilalem.kz

Tilalem.kz

09 қыркүйек, 2019

А.Байтұрсынұлықазақтың тұңғыш ұлттық әліпбиін жасаған тұлға ғана емес, қазақемлесін де жасаушы тұлға. Жазу, емле принципін анықтаған тұлға. Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізі – екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі – төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсетті. Мұндағы негізі дегені – әліпби таңбаларын айтқаны, ал жүйесі дегені – емле, орфографиясын айтқаны. Бұл кейін академик Л.В.Зиндердің еңбегінде жазудың тегі семасиографиялық немесеидеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді деп қайталанады (Зиндер Л.В. Очерк общей теорий письма 52б.). Ал Байтұрсынұлының (А.Б.) таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі емле дегені кейін бізге орыс тіл білімі арқылы сіңіп, осы арқылы оқытып кеткен тарихи принцип, этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық принциптері. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тарихи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық принцип (Л.В.Зиндер), туыс жүйелі (А.Б.) – морфологиялық (Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі. Яғни Ахмет атамыз 1910 жылдары анықтаған және термин берген емле принциптері орыс тіл білімінде кейін 40 жылдары ғана айтылып, түсі түстеле бастайды.

Жалпы, принцип термині қазақ тіліне ұстаным деп аударылады. Сонда емле ұстанымы (принцип) дегеніміз –сөзді жазғанда табан тірейтін ортақ тұғыр. Яғни cөз қалай жазылу керек? Қалай айтылса және естілсе, солай жазылу керек пе, әлде сөздердің шыққан тегі, түбірі, этимологиясы көрініп тұруы керек пе, әлде туыс тілдермен ортақ түбірі, негізі сақталып отыруы қажет пе, әлде сөздің негізгі дыбыстары ғана таңбалануы қажет пе? Әр тілде әртүрлі тұғыр бар. Бірақ бір ғана ұстаныммен жазатын тілдер аз, тіптен жоқ деуге болады. Дегенмен бір ұстаным жалпы жазудың 80-90 пайызын жабады.

Енді біртуар ғалым осы төрт түрлі принциптің ішінде қазақ жазуы қайсысына сүйенуі тиіс дегенді қалай анықтады дейсіздер ғой? Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда, қазақ орфографиясы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол табатын” емлені ұстануы керек. Ол мынадай жолдар деді: “Әрбірөзалдына түбірібарсөзоңашаайтылғандағы естілуінше жазылу. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу.Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу» (Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.). Мұндағы оңаша айтылғандағы естілуінше жазу – қалай айтылса, солай жаз деген сөз емес, үйлестікпен айтылған дыбысты айқын орынға шығарып алып, сонда естілген дыбысты жаз деген сөз. Яғни сөз мағынасына әсер ететін, сөз мағынасын жасайтын дыбысты ғана таңбала деген сөз. Бұны кейін академик Л.В.Щерба қайталайды: “полагаю, что практически для тюркских народов самое правильное было бы – комбинация фонетического и этимологического принципов”(Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.50б.).

Бұл бүгінгілатыннегізді жаңа емлеміздегіпрофессор Нұргелді Уәли айқындаған фонематикалық (фонемдік) принциппен сай келеді. Яғни ғалым қазақ емлесінің негізгі ұстанымы дыбыс түрленімдердің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу деген болатын (72б.). Бұл Ахмет атамыздың “Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда біртүрлі, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. ...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді... “Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік”, - деген ойымен үндеседі. “Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ... сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай емле оңай болып табыларма” дейді А.Байтұрсынұлы. Жазу теориясын түсіндірудің бұдан артық түсінікті, бұдан артық нақты жолы бар ма екен, сірә?

«Дыбыстар үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей, ауыздан шығуынша жазылсын” деген ұсыныстар барын, яғни фонетикалық принципті ұстанушылар барын айтты ғалым. Ондайда сөздің дұрыс жазылуын көрсететін айқын орындар деп үйлеспей айтылатын дыбыс шептерін көрсетті. Ал біз бүгінде сөз түбірін тексерудің бұл әдісін орыс орфографиясы арқылы алдық, орыс ғалымдарының еңбектерінен білдік деп жүрміз. Мысалы ғалым Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған – жонған, жаңған – жанған, көңген –көнген, өңген – өнген, сеңгенсенген, күңгекүнгедеп жазыла ма дегенді, соңғыларыдұрыс, өйткеніқорғам”, “арғым” “тасқымдепайтылмайды деген. Сондай-ақ [н] дыбысынқ, ғ, гдыбыстарыныңәсеріненайырсақ, дүдәмалдықжоғалады, қоныс”, “қондық”, “жону”, “жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”, “өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндікдегенде, “ң” емес, “н” екеніайқындаладыдейдіғалым.

Сонымен, А.Байтұрсынұлы қазақ емлесінің басты ұстанымын қалай анықтады? Ғалым негізгі жол мынау деді: «айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) басқ ажазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу». Мұндайғы айтылу, тағы қайталасақ, сөздің жеке тұрғандағы, неғұрлым тәуелсіз орындағы айтылуы.

Сондықтан латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінің емлесін жасауда осы Ахмет Байтұрсынұлының негіздеп берген емле ұстанымы –дыбыстың фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсіз түрі жазылатын фонемдік принципі –қазақ орфографиясының негізгі принципі болып алынды.



Баға беріңіз