Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Бір күндік жалақысын аударды

26.6.2019 329
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке қарасты мекеме қызметкерлері Арыстағы апатқа байланысты жапа шеккен халыққа көңіл айтып, көмек қолын созды. Қызметкерлер бір күндік еңбекақыларын төтенше оқиғадан зардап шеккендерге аударды.

Еске салайық, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасымен бір топ өнер адамдары Арыстағы зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге аттанған болатын. Олардың қатарында "Дос-Мұқасан" тобының мүшелері, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Майра Ильясова, Сәкен Майғазиев, Гүлзира Айдарбекова, Шакизада және т.б. өнер майталмандары бар.

Сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың жанынан штабтар құрылды. 27 маусым күні Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек керуені жөнелтіледі. Танымал мәдениет және спорт қайрат­керлері халықтың рухын көтеріп эвакуацияланған тұрғындар мен әскерилерді қолдау мақсатында Арыс қаласына аттанатын болады.

Айте кетейік, Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады.

Анықтама үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттерін газет оқырмандарының назарына ұсынамыз:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы,

Қызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ

Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Қайырымдылық көмек ретінде аударыл­ған қаражат «Түркістан» әлеумет­тік даму қорының корпоративтік картасына да қабылданады: 4042 4583 0000 0843 DAURENBEK KURBANIYAZOV

Қор директоры: Құрбаниязов Дәуренбек +77718933536

Тегтер: Арыс, Арыс, біз біргеміз, Мәдениет және спорт министрлігі, қолдау
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

175

ақпарат

Ахмет Байтұрсынұлы

137

ақпарат

​«Бірге түзетейік!» байқауы

93

ақпарат

Тренерлерге дәріс-семинар өтеді