Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Менің отбасым»

13.8.2018 1964


Күні: «25» ақпан2016 ж.

Тыңдаушылар саны: 25

Тақырыбы: «Менің отбасым».

Грамматикасы: Тәуелдік жалғау

Сабақтың мақсаты:

  • Отбасы ұғымдарын тереңдете түсіндіру, қызығушылықтарын арттыру, топпен және жеке жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
  • Тыңдаушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып ой шақыру әдісі бойынша суреттерді салыстырып ауызекі сөйлеуге және сөз тіркестерін, мақал - мәтелдердің мағыналарын ұғындыру;
  • Халқымыздың рухани мәдениетіне құрметпен қарауға, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу сыйластығын танып білуіне жәнебағалай білуге баулу.
  • жақсы көңіл-күй, сәттілік тілеу .
  • тыңдаушылардың жазып келген мақал-мәтелдерінің мағынасын ашу, талдау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру әдісі, Венн диаграммасы т.б.

Пәнаралықбайланыс: орыс тілі, музыка,

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, магнитті тақта, кітап көрмесі, суреттер, интерактивті плакат, электронды нұсқаулық таяқшасы, киіз үй т.б.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Үй тапсырмасын сұрау:
  • Интерактивті плакатпен жұмыс.
  • Интерактивті тақта арқылы жаңа сөздермен таныстыру.
  • Бекіту. «Суреттер сөйлейді».
  • Үй тапсырмасы.
  • Қорытынды.Топтастыру әдісі.
  • Венн диаграммасы бойынша салыстыру

Сәлемдесу.

Психологиялық орта қалыптастыру:

-сабақта өздерін еркін ұстауға;

-ашық әңгімелесуге;

-өткен сабақты еске түсіру, дыбыстарды қайталау.

Ө

Өскемен КөкшетауАқтөбе

Ү

ТүркістанҮржарКүршім

Қ

Арқалық ҚарағандыАқтау

О

ҚызылордаҚостанайОрал

-отбасы, жанұя тақырыптарына мақал-мәтелдер жазып келу;

Жаңа сабақ.

Ой шақыру. Топтық жұмыс.

1 минут ішінде отбасы мүшелерін жазыңыз.

Оқылым.

«Менің отбасым».

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз да, орыс тіліне аударыңыз.

Менің отбасым үлкен. Әкем мен анам Ұзынағаш ауылында тұрады. Әкем Нұрмұханбет Сырымұлы елу бес жаста. Анамның аты – Ұлжан. Ол кісі елу төрт жаста.

Ағам Талғат Астана қаласының әкімдігінде жұмыс істейді. Әйелінің аты-Айғаным. Бір қызы, екі ұлы бар. Қызының аты – Айгүл, үлкен ұлы – Әділбек. Әміржан – кіші ұлы. Айгүл бір жаста, Әділбек сегізжаста, Ал, Әміржан үш жаста. Әділбек бірінші сыныптан екінші сыныпқа көшті.

Біз өте тату-тәтті отбасымыз.

Сергіту: «Сазды сәлем». «Ана туралы жыр» хорменкараоке орындау.

Тыңдалым.

Диалог. «Азаматтың отбасы».

Диалогты тыңдап, сұрақтарға жауап беру.

  • Бұл отбасында неше адам бар?
  • Азаматтың әйелінің есімі кім?
  • Отау иесі кім?
  • Кенжесі кім?
  • Қара шаңырақ иесі кім

Грамматикасы. Тәуелдік жалғау

Притяжательная форма.

Бұл – менің әжем

Оның аты – Жамал220-бет

Жазылым.

  • Сөз тіркестерін құраңыз.
  • Алмастырыңыз. Меніңоның

Менің балам

Менің/оның

балам, ағасы, әкем, атам, інісі, қарындасы, әжем, әпкесі, ұлым, қызым, баласы, отбасым, ағам, сіңлісі.

1.Бұл – менің қарындасым.

Бұл – оның қарындасы

2.Бұл – менің сіңілім

____________________

3.Бұл – менің әпкем

____________________

4.Менің атым – Бексұлтан

____________________

5.Бұл – менің інім

____________________

6.Менің отбасым бар.

____________________

7.Менің атым – Жомарт

____________________

Айтылым.

Интерактивті плакаттағы жанұя тақырыбына байланысты атаулармен танысу, айтылу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Жаңа сөздер:

Менің жанұм – моя семья

Ата – дедушка

Әже – бабушка

Әке – отец (папа)

Ана – мать (мама)

Аға – дядя

Жеңге – сноха (жена старшего брата)

Бөле – двоюродный (кузен, дети родных сестер)

Әпке – старшая сестра (тетя)

Нағашы – родственник по материнской линии

Балдыз – свояченица (младшая сестра жены)

Жезде – зять (муж старшей сестры)

Жиен – племянник, племянница (внук от дочери)

Келін – сноха

Қарындас – младшая сестра

Іні – младший брат

Немере – внук

Отбасына тақырыбына

байланысты суреттер арқылы

сөйлем құрастыру, өз отбасы

мүшелерін атап шығу,

өз отбасылары жайлы

әңгімелеп айтып беру.

Өз жанұяңыз жайлы шағын әңгіме жазып келіңіз.

Отбасы


Ұқсастықтары

Айырмашылығы

Ұқсастықтары




Бүгінгі сабаққа бәріңіз жақсы қатыстыңыздар. Осы жақсы көңіл-күймен барлығымыз естелікке суретке түсейік.

Сабақтан көріністер

Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

525

ақпарат

"Ана тілі" - арың бұл!

538

ақпарат

Қазіргі әдебиет қандай болу керек?..

509

ақпарат

Қазақ әдебиеті сөренің бір бұрышында тұр