Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі

13.8.2018 1214

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған біраз жайттар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман талабы. Жаһандану мен неолиберализм үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ.

Бұл бағдарламаның аясына тарихымыз да, руханиятымыз да кіреді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болуы тиіс. Қазіргі таңда күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде, осыған байланысты халқымыз тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуы, болашаққа сеніммен бет алуы, бойымызда ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды мәңгі сақтап қалуы тиіс

Сонымен қатар мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгеріс­тер белесіне бастары анық. Оған дәлел - Елбасымыздың 26 қазандағы латын графикасына негізделген қазақ әліппиіне ресми түрде көшу туралы№569 Жарлығы. Осылайша дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады.

Ел­басымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бас­­тамасымен қоз­ғау салынып, қоғамда жаппай талқыланып жатқан бұл мәселе әрісі еліміздің тағдыры мен болашағына қатысты, берісі жалпыұлттық өркениетке қатысты өзекті стратегия­лық шара болып отыр.

Олай болса, әліпбиімізді латын қарпіне көшуді бәріміз бір адамдай қолдап, тіліміздің көркеюіне үлес қосайық!

Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

525

ақпарат

"Ана тілі" - арың бұл!

538

ақпарат

Қазіргі әдебиет қандай болу керек?..

510

ақпарат

Қазақ әдебиеті сөренің бір бұрышында тұр