Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Үш тілді жастар бақтарын сынады

28.2.2019 637
үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткен "Тілдарын" олимпиадасы


Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында қала оқу орындары жастарының арасында «Тілдарын» олимпиадасын ұйымдастырды.

Бір қуантарлығы, биылғы жылы аталған шараға қала оқу орындарынан 22 үміткер өтінім білдіріп, оның 11-і іріктеуден өтті. Ал қалған 11 үміткердің жас ерекшеліктері, жазба жұмыстары ережедегі талапқа сәйкес болмағандықтан қатыса алмады. Дегенмен, тілге зор құрмет көрсетіп, ниет білдірген М.Әуезов атындағы №5 орта мектебі, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық медициналық колледжінің білім алушыларына алғысымыз шексіз.

Олимпиада барысында үміткерлер үш кезең бойынша бақ сынады. Олимпиаданың алғашқы кезеңі «Тұсаукесер» қазақ тілін білуге, ІІ-кезең ағылшын, ал ІІІ-кезең орыс тілін білуге арналған тапсырмалардан тұрды. Білім додасының бұрынғыдан ерекшелігі – ілеспе аударма жасау кезеңінде латын қарпінде берілген мәтіндерді орыс тіліне аудару.

Қазылар алқасы әрбір қатысушының тапсырмаларды орындағанда тілді қаншалықты меңгергенін сынға алды. Әрбір сөздің дұрыс дыбысталуына да жіті мән берілді. Сахна мәдениеті де назардан тыс қалмады.

Тіл білгірлері бақтарын сынаған олимпиаданың қорытындысы бойынша Баян Шаяхмет (АрқМПИ) І орынды иеленіп, сәуір айында өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. ІІ орынға Дарина Кенжегалиева (АрқМК), ІІІ орынға Эльмира Байманова (АрқМПИ) мен Марат Мадина (Ы.Алтынсарин атындағы гимназия) ие болып, оларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ Арқалық Политехникалық колледжінен Жаслан Оразов, Еламан Мұратқа, Арқалық медициналық колледжінен Әйгерім Туребек пен Айя Қапсеметке, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ атынан қатысқан Айдана Бақберген, Улдарай Таубаева, Меңдікөл Болат орталықтың арнайы алғысхаттарымен марапатталды.

Бір емес бірнеше тіл білу соншама ұлттың салтын біліп, санасын ұғумен тең. Олай болса, жаһандық кезең жастарының «жеті жұрттың тілін білуге» деген талпыныстары арта берсін!

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Жазира Мизамханқызы

Тегтер: тілдарын, қалалық олимпиада, үш тілді жастар

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

302

ақпарат

Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге "міндетті" болуы тиіс!

316

ақпарат

Тілден алыстау – ұлттан алыстау…

448

ақпарат

"Қазақша жақсы біледі екенсің" деді бір қазақ...