Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық терминқорды толықтыратын тұңғыш платформа

19.8.2019 358
Ұлттық терминологиялық қорды толықтыруды көздейтін алғашқы платформа жұмыс жасайды.

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ әзірлеген "Терминком.кз" сайтында арнайы платформа іске қосылды. «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы қазақ терминологиясын жетілдіруге бағытталған. Бүгінгі таңда «алаңда» салалық терминдерді көпшілік алдында талқылауға, бекітуге ұсынылатын терминдермен танысуға, әрбір терминге балама ретінде өз нұсқаңызды салуға, алаңда талқыланған терминдерге дауыс беруге, офлайн форматындағы конференция арқылы дәріс оқушыға сұрақ қоюға, алаңда орналасқан онлайн семинар және конференцияларға қатысуға, алаңда талқыланған мәселелерді әлеуметтік желілер арқылы бөлісуге болады.

Электрондық алаңда «Бекітуге ұсынылатын терминдер», «Заманауи терминдер», «Қор толықтыру», «Семинар - конференциялар» сынды ұяшықтар орналасқан. Алаңға қатысушылар 3 категорияға бөлінген: 1 - ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, 2-орталық атқарушы органдардың тіл саласына жауапты мамандары, 3 - жалпы жұртшылық. Сондай-ақ еліміздің Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айдарбек, Б.Жонкешов сынды терминолог ғалымдары алаңның сарапшылары болып табылады. Бүгінде аталған «алаң» терминдерді көпшілік алдында талқылау алаңына айналып отыр.

Қазақ терминологиясының дамуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда АЛАҢҒА тіркеліңіз!


Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

27

ақпарат

Заң терминологиясын жетілдіруге арналған семинар өтті

85

ақпарат

«Көркемсөз оқу шеберлері» конкурсы қорытындыланды

78

ақпарат

Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті