Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланады

17.9.2019 203
Алматыда ​«Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты әдістемелік семинар өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізеді.

Әдістемелік семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындасалалық терминдерді біріздендіруге және іріктеу критерийлерін белгілеуге негізделген.

Әдістемелік семинардың мақсаты – салалық терминологияны қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту тұрғысында қарастыру және терминдерді іріктеу мен ресми бекітуге қойылатын негізгі талаптарды айқындау.

Аталған әдістемелік семинарда салалық терминологияны жандандыру,терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру мәселелері қозғалып, әркелкі қолданылып жүрген кейбір сәтсіз баламаларды өзгерту мен түзету жолдары талқыланады.

Сондай-ақ семинардың баяндамашылары латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу барысында термин сөздердің бірге және бөлек жазылу белгілерін анықтау жолдарын көрсетеді.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық аударма бюросы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: 27 қыркүйек 2019 жыл, сағ. 10.00

Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, Достық үйінің Мәжіліс залы.

Байланыс телефондары:8 (7172) 27-30-42

8-701-124-19-75; 8-701-675-26-60

Тегтер: Алматы, семинар, Тіл-Қазына, Мәдениет министрлігі
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

63

ақпарат

Ұлт тілі мен әліпбиі

225

ақпарат

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді

69

ақпарат

«Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті