Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері нақтыланады

26.9.2019 281
2019 жылғы 27 қыркүйек Алматы қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Әдістемелік семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындасалалық терминдерді біріздендіруге және іріктеу критерийлерін белгілеуге негізделген.

Әдістемелік семинардың мақсаты – салалық терминологияны қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту тұрғысында қарастыру және терминдерді іріктеу мен ресми бекітуге қойылатын негізгі талаптарды айқындау.

Аталған әдістемелік семинарда салалық терминологияны жандандыру,терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру мәселелері қозғалып, әркелкі қолданылып жүрген кейбір сәтсіз баламаларды өзгерту мен түзету жолдары талқыланады.

Сондай-ақ семинардың баяндамашылары латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу барысында термин сөздердің бірге және бөлек жазылу белгілерін анықтау жолдарын көрсетеді.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық аударма бюросы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: 2019 жылғы 27 қыркүйек, сағат 9.30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Rixos АЛМАТЫ, С.Сейфуллин көшесі, 506/99

Байланыс телефондары:8 (7172) 27-30-42

8-701-124-19-75; 8-701-675-26-60

Тегтер: Алматы, термин, терминжасам, терминком
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

63

ақпарат

Ұлт тілі мен әліпбиі

225

ақпарат

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді

69

ақпарат

«Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті