Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әдістемелік семинар өтеді

14.11.2019 276
Өтетін орны мен уақыты: 22 қараша 2019 жыл, сағ. 09.30. Нұр-Сұлтан қаласы Достық көшесі, 11.ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Заң терминологиясын жетілдіру мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізеді. Әдістемелік семинардың өзектілігі заңнамалық құжаттардың қоғам сұранысына сәйкес мемлекеттік тілде сауатты жазылуы, заң терминдерін жүйелеу, заңнамалық құжаттарды қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру бойынша қордаланған проблемаларды талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынуға негізделген.

Әдістемелік семинардың мақсаты – заңнамалық құжаттардың қоғам сұранысына сәйкес мемлекеттік тілде сауатты даярлану мәселелерін талқылап, оны шешудің жолдарын ұсыну.

Аталған әдістемелік семинарда заң нормаларын, қағидалары мен ережелерін ұлттық тілдің аясында қарастыру мүмкіндігі, заңнама тілінің аударма тіл деңгейінен аса алмау себептері мен одан шығатын салдар, заңнамалық құжаттардың сапасына қатысты қордаланған мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ семинарда Орталық атқарушы органдардағы сала мамандарына және жергілікті атқарушы органдардың терминология саласына жауапты қызметшілеріне әдістемелік жағынан қолдау көрсетукөзделеді.

Іс-шараға заң саласының жетекші мамандары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық аударма бюросы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-01-35, 8 (7172) 27-30-42

8-707-337-94-94; 8-701-675-26-60

Тегтер: Семинар, Нұр-Сұлтан, әдістемелік семинар, Заң
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

88

ақпарат

Журналистерге арналған семинар өтті

159

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізудің тиімді әдістері

418

ақпарат

Атауларды жазудың ереже жобасы талқыланды