Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу шарасы өтеді

22.11.2019 471
Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу бойынша қорытынды шара өткізеді.

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу бойынша қорытынды шара өткізеді.

Шараның мақсаты - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен жоғары оқу орындарының ресми интернет-ресурстарында күнделікті шығып жатқан ақпараттың мемлекеттік тілде жариялануын қадағалау, интернет-ресурстардағы мемлекеттік тілдің даму өрісін кеңейтуге үлес қосу арқылы тілдік қажеттілікті қанағаттандыру, мәтінде стилистикалық, грамматикалық қателердің кетуіне жол бермеу, түзетуге ықпал ету, жыл бойы жүргізілген мониторингті қорытындылау.

Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу жұмыстары барысында орталық атқарушы органдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктерінің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ЖОО-ның ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданысы мен сауаттылығы тексеріліп, мемлекеттік тілді қолданудың қажеттілігіне нақты баға береді.

Семинар соңында жыл бойы жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша ең үздік мекеме сайты арнайы алғысхатпен марапатталады.

Шараға орталық, жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық компаниялардың сайтқа жауапты мамандары, тіл мамандары қатысады.

Тегтер:
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

85

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

73

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

134

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР