Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Aqyldy álipbi» латын графикасын үйрететін мобильді қосымша іске қосылды

18.12.2019 854
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының өнімі - «Aqyldy álipbı» латыннегізді қазақ әліпбиін үйрететін мобильді қосымшасы жарыққа шықты. Қосымшаның мақсаты: қашықтан оқыту арқылы қазақ тілінің жаңа графикасын меңгеруге, жаңа әліпби негізінде оқу, жазу сауаттылығын арттыруға ықпал ету.

Жаңа жазуды меңгеру барысында әрбір адамның алдында, ең алдымен, барынша жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны белгілі. Қарыштап дамыған ақпараттық технология заманында әрбір адамның жаңалықтан қалыс қалмай, сол жаңалықты тез әрі оңай жолмен меңгеру талабы күн сайын айқындалып отыр. Сондықтан да өз бетімен латыннегізді қазақ әліпбиін үйренемін дейтін тұлғалар үшін «Aqyldy álipbı» таптырмайтын көмекші болары сөзсіз. Ол үшін Google Play-ден келесі сілтеме арқылы «Aqyldy álipbı» қосымшасын тауып, тегін жүктеп алуға болады: https://play.google.com/store/search?q=aqyldy&c=apps

Қосымша жүктелгеннен кейін пайдаланушы жүйеге кіру талаптарын орындайды. Алғашқы қадамында «Мәзір» арқылы «Әліпби» тарауына өтіп, латыннегізді әліпбидің 32 таңбасының дыбысталуын тыңдайды, танысады, есте сақтайды.

Келесі қадамда «Бақылау сынағы» тарауына өтіп, 4 кезеңде бойынша 200 сөз және сөз тіркестерін жаңа графикада жазып дағдыланады. Әр кезеңде тілдік-коммуникативтік мақсатты көздейтін 50 сөз және сөз тіркестері берілген. Кезеңдердегі берілетін сөз, сөз тіркестері қарапайымнан күрделіге қарай өту қағидатына сәйкес. Яғни, қосымшаның сөздік қоры амандасу, сандар, туыстық атаулар, елдер мен ұлттар, ай, күн атаулары, жыл мезгілдері және т.б. қарапайым сөздерден басталып, алғыс білдіру, жөн сұрасу, құттықтау, көңіл-күй білдіру, мақал-мәтелдер және т.б. күрделі сөз орамдарына ұласады. Мысалы: Sálem, qalaısyz? raqmet, ake, aǵa, Qazaqstan, Aqtóbe, Máskeý, balabaqsha, aqpan, kóktem, dúısenbі, jeltoqsan, neshіnshі? ekі júz, tórteý, qalyńyz qalaı? tanysýǵa ruqsat etіńіzshі, men sіzge óte rızamyn, jolyńyz bolsyn! Óz úıіm – óleń tósegіm Jaqsy sóz jarym yrys, UNESСO, EXPO, aktór, dırıjо́r, sırk, korporasıa, ýchılıshe, borsh, element және т.б.

Әр кезеңді аяқтаған соң қате жазылған сөздерді дұрыс жазу мүмкіндігі мен деңгей соңында жиынтық ұпай беріледі.Әркезең тапсырмасын толық орындалған жағдайда ғана келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, «Мәзірден» қолданушылар статистикасын да көруге болады. Ендеше, сіздерді «Aqyldy álipbı» мобильді қосымшасын жүктеп, латыннегізді қазақ әліпбиін үйренуге шақырамыз. Сәттілік тілейміз!


Тегтер: Ақтөбе, мобильді қосымша, әліпби, латын графикасы
Авторы: А.Сүгірбаева Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

164

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»