Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Disney ертегілерін қазақша оқимыз

24.12.2019 520
Disney кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқасы алғаш рет өз оқырмандарына жол тартты. Түрлі-түсті кітап бірден көз тартады. Сыртқы көрінісінен-ақ оның сапасына ерекше мән бе­ріл­­­гені көрініп тұр. Аладдин, Рапунцель, Мулан сынды кейіпкерлер бейнеленген кітаптар кіш­­­кентай оқырмандарын қызықтыра алатын тәрізді. Түрлі ертегілерден тұратын 14 кітап 28 мың данамен жарық көрді. Демек, әр кітап 2 мың данамен шығып отыр. Бұл кітаптарды Dis­ney кітаптарын елімізде шығару лицензиясына ие болған AbayBooks баспа үйі басып шықты.

– Кітаптарды шығарудағы бас­ты мақсат – қазақстандық бала­лар арасында оқуды наси­хат­тау және дамыту. Біздің бас­па үйі үнемі республикалық маңы­зы бар өнімдерді шығарумен айна­лы­сады. Мәселен, бірінші болып Қа­зақстан қалаларына бояу бо­йын­ша нұсқаулық шығардық, –дейді AbayBooks баспа үйінің бас­шысы Майра Алжанова. – Біз Disney кітаптарының қол­же­тімділігіне мән бердік. Бұл біз үшін үлкен жұмыс болды. Кітапты аудару, басып шығару ісіне бір жылдан астам уақыт кетті. Ертегілерді барынша сапа­лы аударып, дайындауға көңіл бөлінді. Сондықтан бұл кітаптар оқырман қауымға, бала­ларға, ата-аналарға ұнайды деген үміттеміз. Қазіргі таңда балаларға арналған кітаптардың тапшы екені рас. Қазақ тіліндегі әдебиеттердің тым аз екенін де біліп отырмыз.

Баспа үйінің басшысы кітап­тар­ды басу лицензиясын сатып алғанын және ол белгілі бір мер­­зімге ғана жарамды екенін айтып өтті. Егер сұраныс болып жатса осы мерзімде тағы басып шығару мүмкіндігі бар. Баспа үйі кітаптардың еліміздің әр өңіріне жетуіне аса мән беріп отыр. Сол себепті кітап дүкендерімен келіссөздер жүргізуде. Кітаптарға сұраныстың бар екені аңғарылып тұр. 8 мың кітапқа қазірдің өзінде тапсырыс беріп қойылған. Әлемге танымал ертегілердің қазақ ті­лін­де жарық көргенін құлағы шал­­ған ата-аналар әлеуметтік же­­лі­лер арқылы оны қайдан алуға бо­­­латынын сұрап хабарласып жатыр.

Кітаптардың бәрі ағылшын тілінен ана тілімізге тікелей аударылған. Аударма ісі бары­сын­да қазақы менталитет еске­рілген.

– Осыдан 3-4 жыл бұрын сауалнама жүргізгенде ата-аналар қазақ тіліндегі кітаптардың жоқты­­ғын айтқан. Енді ондай сылтау айтудың жөні жоқ. Қазір қазақ тілінде шығып жатқан кітап көп. AbayBooks баспа үйінің бұл бастамасын қолдаймын. Бұл кітаптар балалар үшін ең құнды сый­лық болып отыр. Ерте­гі­лер кейіпкерін балалар күнде мульт­фильмдерден көріп жүр. Барлығы таныс. Бастысы – бала­ларға кітап оқуды үйретейік. Біздің кішкентай кезімізде интернет болмағандықтан, бала­лар кітапты өздері оқитын еді. Ал қазір өзіміз телефон ұстап отырып «балам, кітап оқы» дейміз. Олай олмайды. Бала көргенін істейді. Сондықтан өздеріңіз де қолға кітап алып, балаға оқуды үйретіңіздер, – деді The real gap шоу-редакторы Перизат Мырзахмет.

Кітап тұсаукесеріне балала­рын ертіп ата-аналар да ке­ліп­ті. Әлемге әйгілі Disney кі­­­тап­­тарын балаларының өз ана ті­лін­­де оқып өсетініне олар да қуаныштарын білдіріп жатты. Ертегі кейіпкерлерінің кейпіне енген актерлер балалармен бірге ойнап, көңіл көтерді. Кішкен­тай бүлдіршіндер енді отандық кітап сөрелерінен «Сұлу мен құбы­жық», «Рапунцель», «Аладдин», Қар­ша қыз», «Су перісі» және «Мұзды өлке» сынды ертегілердің қазақ­ша нұсқасын таба алады.

Тегтер: Disney, ертегі, шетел әдебиеті, балалар әдебиеті, мультфильм

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55

ақпарат

Екібаста бір тіл

216

ақпарат

Қазақ тілінде оқымаса, не үшін мектеп салдық?!

428

ақпарат

Ана тілі – арым дейтін жастар көп