Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Философия языка» кітабының таныстырылымы өтті

10.1.2020 595
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығында Қанағат Жүкешевтің «Философия языка» кітабының таныстырылымы өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, тіл мамандары қатысып, ғылыми еңбектің маңызы мен мазмұнын талқылап, пікір білдірді.

Таныстырылым барысынды қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мәселесі көтеріліп, лингвистика, философия, социология, тарих, мәдениеттану, әлеуметтік психология ғылымдарында дамыту жайы сөз болды.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов:

- Кітаптың ішіндегі көтерілген мәселе жүз пайыз халықтың көңілінен шығуы мүмкін емес. Бірақ еңбекте көтерілген мәселелердің біршамасына қосылуға болады. Қазақ тілі неге нормаға түспей отыр деген мәселеге тоқталар болсақ, әр нәрсенің өмірде қалыпқа түсуі ақылмен болмайды. Ол өмірдегі пайдалану ортасына, қажеттілігіне қарай қалыптасады. Егер қазақ тілі биліктің, заңның, зауыт пен фабриканың, техниканың тіліне айналса, онда бәрі өздігінен орнына келер еді. Дегенмен Қанағат Жүкешевтің бұл шығармасы бізге керек. Бізге серпілу, даму үшін қажет. Кейбір тұстарына қарсы бола отырып, менде жаңа ой туды. Бұл - батылдық. Батылдығыңызға, ашық тартыс тудырған өзіндік пікіріңізге рақмет. Ой салдыңыз, ойландырдыңыз. Бізді жинақылыққа шақырдыңыз»-деді.

Ал филология ғылымдырының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы:

- Ерекше бөтен пікір айтатын адамдарды құрметтеймін. Сіздің шығармашылығыңызбен таныспын. Ел айтпайтын, қайталамайтын, қиғаш келетін, кейбір атынан ат үркетін ғалымдырдың пікірімен келіспей, пікір айтып серпін әкелдіңіз. Ерекше пікірді қос сөзге байланысты айттыңыз. Ал ғылым тіліне келгенде, мен сізбен келіспеймін. Ғылым тілі - басқа стиль,- деген пікір айтты.


Тегтер: кітап, Қанағат Жүкешев​, «Философия языка», ғалым
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

32

ақпарат

«Sozdikqor.kz» ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

125

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

100

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ