Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латынға қазақтар ғана емес, түгел Қазақстан көшу керек!

16.1.2020 1097
​Мемлекетін сүйген әр ұлтшылдың көңіліне кірбің келтіретіні жайт – өз Отанының әлемдік мәдени-рухани кеңістікте дербес саясат жүргізе алмауы. Біздің ұлтшылдардың бәрін орыс тілді қазақ ортасы «нацпат» немесе «диванный батыр» атандырып маңдайларынан жел есіп жүр.

Тарихтан белгілі бір жайт отаршылдар өз боданынан кеткенімен «тілі мен жазуын әм шіркеуін» қалдырып кетеді. Бұл – енді бұрынғы бодандарының өздерінсіз әлемдік мәдени-рухани кеңістікте дербес саясат жүргізе алмауы үшін қылған қияпаттары. Біздер үшін, яғни, ОА түркілері үшін Балтық елдері мен Украинадан үлгі алатын дүние көп. Украиндар ұлттық тәуелсіздігін нық бекемдеу үшін біз сияқты «орыс әлеміне жалтақтамай» әрі батыл, әрі аса ірі үш қадам жасады. Біріншісі – жарнама мен кинопрокат тек өз тілдерінде, екіншісі – украин тіліне аударылмаған кітаптар бұл мемлекетте сатуға шығарылмайды. Міндетті түрде тек аудармасы бар кітаптар кітап сөрелеріне қойылады әм контрафакті үшін зор көлемдегі айыппұл салынады. Кекілділер ана тіліндегі кітаптардың өтуі үшін және ана тілінде кинолар көрсетілуі үшін орыс тілді кионтеатр борондары мен кітап саудасының алпауыттарының аяқ-қолын заңмен матап, бюджеттен көк тиын шығармай, рухани-мәдени жеңіске жетті. Үшіншісі – шіркеулерін Мәскеу патриархатының қарауынан шығарып, Константинополь патриархатына қаратып ала білді.

Енді соңғы мәселе ОА мемлекеттерінің мұсылман дінбасылары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» Константинополь патриархымен бірлесе шешетін әлемдік деңгейдегі дүние.

Ал, біздің айтпақ дүниеміз, орыс тілді және қазақ тілді отандастарымыз әріптік біртұтастықта болуы үшін кіріл жазуы орыс тілінде де, қазақ тілінде латын жазуына бірдей көшуі керек. Бұл идеяны алғаш көтерген Ұлықбек ағамыз болатын. Өйткені, «ала қойды бөле қырқуға болмайды».

Қазір әлемде ешкімге бодан болмаған неміс тілінің үш, дат тілінің екі, норвег тілінің төрт жазу үлгісі бар. Сербтер – кіріл мен латынды жарыстыра қолданып жүрген жалғыз мемлекет. Ағылшындардың бұрынғы өз отарларының жеке ағылшын текті жазу үрдісі бар. Бізге осы ағылшын отарлары қолданған жазу саясатын ұсану қажет. Ол үшін қазақ жерінде қазақстандық орыс латынын өмірге әкелуге ат салысуымыз қажет. Бұл жаңалық емес, 1920 жылдардың соңында «орыс латыны» өмірге келген болатын.

Орыстардың латынға бет түзуі І Петрден бастау алады. Польша 1815 жылы Ресей империясы құрамына енді. Зияткерлігі мен өркениеті аса жоғары поляк мәдениеті орыстарға әсер етіп, араға 40 жыл салып бой көтерген латын әліпбиін жақтаушылар «орыс жазуы артта қалған, ұсқынсыз» деп сын айтып, жаппай латынға көшуге үндеді. Орыс баспасөзі осы идеяны іліп әкетіп қостады. Сол кездегі патша ағзам I Николай «бүйректен сирақ шығарып отырсыңдар» деп поляктардың жазуын орыс жазуына көшіре жазады. Осы жобаны жақтаған «Орыt wedenія novыh russkih liter» нұсқасының авторы өзіндік орыс әліпбиін ұсынып, тек дәстүрлі кіріл әріптерінен «ч», «ш», «ы», «ю» және «я»-ны ғана қалдырды. 1857 жылы Кондинский өзінің «Упрощения русского правописания» атты нұсқасын жасауда румын, венгер мен француз латыны үлгісін пайдаланды. Төңкерістен кейін 1929 жылдың қарашасында тілші ғалым Николай Феофанович Яковлев жетекшілік еткен орыс жазуын латындандырудың арнайы жеке комиссиясы «орыс латынының» үш нұсқасын жасап шықты. Яковлев латын жазуын кіріл әліпбиіне бейімдеп, «щ» диграфын «sc» деп таңбалауды ұсынды. Жаңа әліпбиде «ы» мен «й»-дің орнына «y» мен «j» алынды. «Вьюга» сөзі Яковлев нұсқасында «vjuga» деп жазылды. 1 және 2 суретте осы комиссия жасаған өмірге әкелген әліпби үлгілері беріліп отыр.

Қазір РФ орын алып отырған «орыс латыны» талқылануына қатысты орыс лингвисті Владимир Пахомов: «...альтернатива кириллице всегда существует, ведь письменность по отношению к языку вторична, так как представляет собой результат общественного договора» деген оң пікір айтты.

Ал, 2017 жылы Госдуманың бір депутаты латын негізіндегі қосымша орыс әліпбиін енгізуді ұсынды. Ол серб үрдісі мен 1930 жылдары орын алған тарихи оқиғаны алға тартты. Ресей депутаты орыс жазуын латынға көшіруді көтерген бірінші адам емес, большевиктер билікке келген соң, жазу-сызуы жоқ, сібірдегі аз ұлыстарды сылтауратып, төл жазуы бар армян мен гүржіні дайын тұрған латын жазуынан қағыс қалдырып, Байтұрсынұлының төте жазуын қолданатын: қазақ, қарақалпақ және қырғыздан бөлек, шағатайлық араб жазуымен бірін-бірі оқып түсінетін барша түркі ұлттарын күштеп латынға көшірді. Н. Ф. Яковлев: «В результате в 20-е гг. и в первой половине 30-х гг. велась очень активная работа по созданию новых алфавитов, исключительно на латинской основе. Большая их часть конструировалась Технографической комиссией ВЦКНА (лишь для языков народов Севера существовал отдельный центр в Ленинграде). Всего, как будет перечислять в самом конце этой деятельности, был создан 71 такой алфавит»,- деп жазады. Кейін бұдан үш ұлттың латын жазуы сызылып тасталды. Олар: орыс, армян және гүржі. Нәтижесінде 25 млн. асатын 68 ұлт пен ұлысты қамтыған 68 латын әліпбиі өмірге келді.

Арабтан бас тартып, оның орнына жаңа әліпби таңдауға қатысты ОА орын алған жағдаятты белгілі орыс тілшісі Евгений Дмитриевич Поливанов 1923 жылы: «Эпоха – недоброй памяти – русского колонизаторства оставила такую ненависть в турецких народах (сужу по туркестанским) к русификации и ее орудию – миссионерским русским трансккрипциям, что само напоминание о руском шрифте болезенно, как тревожащее недавние раны от национального гнета; и потому попытки оставить (для каких-либо теоретических соображений) возможность пользваться русской транскрипцией отнюдь нельзя рекомендовать. На ІІ съезде узбекских работников просвещения, который главное внимание уделял вопросу узбекской графики, ни один голоса не было слышно в пользу русского шрифта» деп жазады.

Бұл әрекетті филология ғылымдарының докторы, РҒА Корреспондент-мүшесі, профессор, РҒА тілтану Институтының директоры Владимир Алпатов: «...это происходило в русле политики большевиков, где латинизация противопоставлялась русификации, проводимой царским правительством» деп ақтайды.

Орыс, армян мен гүржі әліпбилері Қызыл Империядағы ең көне жазу түрлері деп танылды да дайын тұрған латын жазуы керексіз деп есептелінді. Осы латынға бұрынғы Ресей империясындағы басқа ұлттарды күштеп көшіру идеясының басында Луначарский мен Ленин тұрды. Түркілер араб әліпбиін қолданушы жас жазулы ел деп танылды. Латынданудан орыс жазуы да тыс қалмады. Николай Феофанович Яковлев тобы тарапынан бірнеше орыс латын жазуының үлгілері жасалды.

Қазақ жеріндегі орыс латыны үшін мына төмендегі үлгі қолайлы:

«я», «ю» және «ё» әріптеріне я – ja, ю – jy, ё – jo, ал: э – е, е-нің өз басы – je болып таңбаланды.

Мобилді байланыс пен интернет дәуірі әм SMS-хабарлама жазу: орыстарды орыс латынымен жазуға мәжбүрлеуде. РФ БАҚ мен зерттеу орталықтары оларды екі топқа бөледі. Орыстар қалай дегенменде латын жазуын қолдануға мәжбүр.

Бірінші топ кірілге ұқсас латын символдарын терушілер: мысалы: B utore noJly4aJlocb kak-to tak, Ho 4utatb €to 6blJlo BecbMa u BecbMa Henpocto.

Екінші топ орыс-ағылшын транслитерация ережесін қолданушылар: мысалы: Kak pokazyvala praktika, poluchalos' u vsex po-raznomu, tak kak angliysky yazik sam lishon chetkikh pravil orfografii.

Орыстар әлеуметтік желілерін, интернетін, мессенджерлерін өз жазуына көшіргенімен орыс латынын қолдануды еш тоқтата алмай отыр. Сол себепті осыдан екі жыл бұрын 2018 жылы орыс-ағылшын транслитерация ережесі: Ж – ZH, Х – KH, Ц – CH, Ч –SH, Ш – SH, Щ – SHSH, Ъ – IE, Й – I, Ю – IU, Я – IA болып қабылданды. Осы арқылы шетелдік туристер қала көшелерінің атауларын әм жер-су аттарын латын қарпімен оқу үшін кіріл-латын орыс жазуы қолданылған тақташалар іліну үрдісі басталып кетті. Әрі рунетте «А что думаете вы? Нужен ли русскому языку ещё один алфавит?» атты талқылау форумдары етек алып тұр.

Біз неге осы үрдістен тыс қаламыз. Еліміздегі жеке ұлттық мектебі бар орыс тілділер қауымы, тәжік және ұйғыр сияқты ұлттарды титулды ұлттың маңына топтастыру үшін қазір кірілмен жазып жүрген осы 3 ұлттан тұратын отандастарымыздың жазуын түгелдей латынға көшіруге тиіспіз. Әзірше өзбек мектебінің ғана өз латыны бар. Неге жалғыз қазақ қана өз әліпбиін ауыстыруы керек!?

Қазақ елі ұлтқа бөліп жарылмай жаппай латынға көшуі үшін жалпыхалықтық референдум өткізілуге тиіс. Болашақ орыс тілді қазақстандықтар мен тәжік пен ұйғырға арналған қазақ латының әліпбиін қазақ, орыс, ұйғыр және тәжік тілінің мамандары бірлесе жасауды қолға алуы керек-ақ.

Орыс тілді отандастарымз үшін Яквовлев жасаған әліпби бар. Тек соны орыс тілді отандастарымыз үшін қабылдау ғана қалды. Өйткені, Үкімет бір кездері зейнетткерлік жасын 63 дейін ұзартқанда ешкіммен ақылдаспай-ақ кабинетте отырып шеше салған. Орыс тілділер үшін қазақстандық орыс жазуын тап солай қабылдай салуға болады.

Атамыз қазақ бөлінгенді бөрі алады дегенді тегін айтпаған. Сіз бұған қалай қарайсыз, ағайын!



Тегтер: латын, әліпби, нұсқа, вариант, идея
Авторы: Әбіл-Серік Әліакбар, "Abai.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

169

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»