Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ашық талқылау өтті

14.2.2020 274
Павлодарда 14 ақпанда облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің латыннегізді қазақ тілінің әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес ашық талқылау ұйымдастырылды.

Талқылаудың мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің болашағын қамтамасыз ету, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емлелік және графикалық негіздемелерді жан-жақты қамтып нақтылай түсу. Сондай-ақ әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстарды талқылау болып табылды.

Талқылауға жергілікті жоғары және арнаулы оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Өткізілген ашық талқылау барысында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері тарапынан ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған республикалық жұмыс топтарының кеңейтілген отырыстарында қаралатын болады.


Тегтер: Павлодар, латын, әліпби, ашық талқылау, қазақ әліпбиі
Авторы: Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

6

ақпарат

Шетел қазақтарына қазақ тілін онлайн оқытамыз

88

ақпарат

Қазақы терминді халық жасайды

405

ақпарат

Онлайн байқау: ​«Қазақы терминдерді халық жасайды»