Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ең үлкен кітап Абайға арналды

28.2.2020 389
Шымкентте ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келілік кітап жарық көрді.

Ақынның туған жерінде өтетін мерекеге тарту ретінде жасалған бұл ерекше сыйды қаладағы №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұйымдастырыпты. Кітаптың тұсаукесері №167/3 түзету мекемесінде өтті. Кешкі мектептің ұстаздар қауымы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашты.

Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см. №1 жалпы орта кешкі мектеп директоры Исақ Асанов алып кітап алдағы аптада Алматыдағы Қазақстан рекордтар кітабына тіркеуге жіберілетінін айтады. Одан соң, Абайдың туған еліне жөнелтілмек.


Тегтер: Абай, Шымкент, Абай 175 жыл, кітап, Абайдың қара сөздері
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

150

ақпарат

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

134

ақпарат

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ!

224

ақпарат

ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ