Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Ең үздік подкаст" байқауы

31.3.2020 1121
"Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ​«Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» байқауын жариялайды.

Қазіргі уақыт тоқтаусыз, сәт сайын дамуымызды талап етеді. Ол үшін мотивациялық кітаптар оқып, бірнеше шет тілдерін меңгеру, түрлі ІТ бағдарламаларды игеру трендте. Ал трендтен қалу қазақы тілмен айтқанда "көштен қалумен" тең. Жаһандық дамудан да қалмай, күнделікті күйбең тірлікпен де ілесу үшін қайтпек керек?.. Әлбетте, әрбір сағатты, әрбір бізге берілген мүмкіндікті мүлт жібермеуге тиіспіз. Яғни қоғамдық көлікте кетіп бара жатып та тіл үйренуге, кітаптардың мазмұнымен танысып, жаңа инновациялық идеяларды игеруге болады. Ол үшін "подкастинг" терминімен таныс болсаңыз жеткілікті.

Подкаст - дыбыстық жазба. Жанды, эмоцияны еркін білдіру арқылы тың деректермен бөлісе отырып, тыңдарманның қызығушылығын, күткен нәтижесін бере алу.

Хош. «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» байқауы трендтегі термин арқылы қазақ тілін трендке айналдыруды көздейді. Себебі тіл үйренуде тыңдалым мен айтылым әрекеттері тіл үйренушінің интерактивті-виртуалды қарым-қатынас құру, ақпараты қабылдау және жеткізу, сондай-ақ меңгерілген білімді сақтау, тілді тұтынушының мәдениеті мен әдебиетінен мол ақпарат алу арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.


Байқау ережесі:

1. Қазақ тілін оқытудың А1 деңгейі үшін, тіл үйренушінің тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытатын подкаст (радиохабарламалар форматында түрлі тақырыпқа (әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, экономикалық, ғылыми-кәсіби, т.б.) жазылған аудиофайлдар) дайындау;

2. Жазба тілі: қазақ тілі;

3. Жазба түрі: сұқбат, монолог, полилог;

4. Жазба форматы: аудио.


Оқу подкастына қойылатын талаптар:

  • көлемі 2-4 минут;
  • оқу дикциясы және дауыс мәнерінің ерекшелігі;
  • аудиохабарламаның сапалы жазылуы;
  • подкастқа 2-3 тапсырма ұсыну, тапсырма А4 форматындағы файлда берілуі қажет (міндетті түрде);

Байқау материалдары 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 мамыры аралығында ttilalemi@gmail.com электронды адресіне қабылданады.


Байқау қорытындысы 2020 жылдың 18 мамырында https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

Байқау жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дипломымен марапатталады.


Байланыс телефоны: 8775-040-4586

Тегтер: подкаст, байқау, қазақ тілі, Тіл-Қазына
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

120

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

100

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

171

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»