Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Онлайн курс: termincom.kz сайты арқылы терминқорды толықтырамыз

13.4.2020 344
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында ​ұйымдастырылған "Мемлекеттік тілді жетілдіру" онлайн курсының алғашқы дәрісі өтті. ​

Бес күнге жоспарланған онлайн курстың шымылдығы "Қазақ терминдерін www.termincom.kz сайты арқылы пайдалану, терминдерді қалыптастыруға қатысу" тақырыбымен ашылды. "Онлайн курстқа не себепті бұл тақырып таңдалды, өзектілігі неде?" деген сауалға:

- Тәуелсіздікке қол жеткізгелі ширек ғасырдан артық уақыт өткенімен, қазақ тілін толыққанды ғылым тілі деңгейіне жеткізе алмай отырмыз. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың бірден-бір жолы – ұлттық терминді қалыптастыру. Бүгінгі курс осы өзекті мәселені шешу жолындағы бір қадам болып отыр, - деп жауап берді дәріс жүргізушісі, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының басшысы Б.Ысқақ.

Ұлттық терминді жүйелеу, терминқорды толықтыру мақсатындағы терминдердің электрондық базасын көпшілікке, сала мамандарына таныстыру арқылы тіл жанашырларының қазақ терминін дамытудағы белсенділігін арттыруға бағытталған онлайн курсқа жалпы саны 150-ге жуақ адам қатысты.

Курс тыңдармандарына www.termincom.kz сайтының құрылымы толық таныстырылып, электронды алаң механизмі https://termincom.kz/alan арқылы терминдерге қатысты ғалымдарға сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін қалдыра алатындықтары түсіндірілді.

Дәріс жүргізушісі жұртшылықты сайтта, әлеуметтік желіде белсенді болып, ұлттық терминқорды дамытуда жұдырық болып жұмыс жасауға шақырды.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

164

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»