Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Termincom.kz сайтын жетілдіру жайы талқыланады

16.4.2020 431

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының аясында 2020 жылғы 17-сәуір күні сағат 15.00-де Termincom.kz сайтының youtube каналында «Termincom.kz сайтының қызметі, оны жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтеді. Семинарда 2016 жылы ашылған termincom.kz сайтының құрылымы, ішкі мазмұны, оны қолданудағы артықшылықтар мен кемшіліктер сөз болады.

Онлайн-семинарды өткізудегі негізгі мақсат – қазақ терминдер базасы болып табылатын termincom.kz сайтының қызметін жетілдіру, көпшілікке сапалы әрі қолдануға ыңғайлы сайт болатын техникалық мүмкіндікті қарастыру.

Онлайн-семинарға ІТ мамандар Рымбек Ізғали, Әділбек Бөкетаев және Сымбат Әбдіқұл және сайт қолданушысы Қостанай облыстық Тілдарын орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова қатысады.

Семинар сұрақ-жауап форматында өтеді. Termincom.kz сайтына қатысты сұрақтарыңызды youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Тегтер: Termincom.kz, термин, терминология, ІТ
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

169

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»