Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Қазақы терминдерді халық жасайды» байқауының жүлдегерлері марапатталады

20.4.2020 370
«Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық байқауының онлайн-марапаттау рәсімі 2020 жылғы 21-сәуірде сағат 17.00-де facebook әлеуметтік желісінде ONLINEda bol парақшасында өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 1-20 сәуір аралығында «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық онлайн-байқауын өткізді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға үлес қосу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтап, қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға 18 өтінім түсіп, 14 адам байқауға қатысты.

Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде халықаралық 5-10 терминге өз баламаларын ұсынды. Екінші кезеңде 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылды. Үшінші кезеңде екінші кезеңнен іріктелген қатысушылар мәтін ішіндегі шеттілдік салалық терминдердің қазақша баламасын жасады.

Байқау қатысушыларының жұмысы termincom.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланып дауыс берілді және арнайы құрылған қазалар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары табысталады. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасынығ Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов құттықтап, марапаттайды. Онлайн-марапаттау рәсіміне байқаудың қазылар алқасы, байқау жеңімпаздары мен қатысушылары, Тіл саясаты комитетінің, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысады.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

32

ақпарат

«Sozdikqor.kz» ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

125

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

100

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ