Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Үкіметтік емес ұйымдар арасында қазақ тілін оқыту курсы өтеді

17.4.2020 256
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну» жоспарына сәйкес, «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «ҮЕҰ арасында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған оқыту курсын ұйымдастырады.

Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.

Шара елдің 6 өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.

Білікті мамандар сабақ беретін болады. Олар: Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы - КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы, Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы- филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы, Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры.

Курсқа Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Онлайн курс 28 сәуір күні өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.

Тегтер: лұғат қазақ тілі үкіметтік емес ұйымдар
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

85

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

73

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

134

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР