Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Терминологиялық сөздіктер жасау бойынша онлайн-конференция өтеді

2.6.2020 279
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 5-маусым күні сағат 15.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын нығайтуда сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше. Сол себепті терминологиялық сөздіктер жасауға, оларды жасаудың əдістемесін жетілдіруге аса мəн берген жөн. Аталған шара терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесін талдауға, соның негізінде терминология сөздік жасаудың негізгі талаптарын анықтауға бағытталады.

Онлайн-конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова терминологиялық сөздік жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесіне тоқталатын болады.

Терминологиялық сөздік жасауға қатысты сұрақтарыңызды termincom.kz сайтының youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Тегтер: Терминком, Тіл-Қазына, ТІЛ, Латын әліпбиі
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

150

ақпарат

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

134

ақпарат

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫ!

224

ақпарат

ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ