Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Балалар жүрекпен үн қатады" БАЙҚАУЫ

4.6.2020 763
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жасөспірімдер арасында отансүйгіштік пен ұлттық тәрбие беруге бағытталған әлеуметтік желілерде жүректен үн қату (челлендж) байқауын жариялаймыз.

Челлендж өткізу мақсаты

  • Тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту, барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау, оның сұлу әуезділігін бойымызға сіңіру, көркем де айшықты түрде бейнелеу, жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту;
  • Балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.

Байқау үміткердің әлеуметтік желідегі тіркелген парақшалары арқылы қазақ тілінде басқа авторлардың мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы шығармаларын немесе осы тақырыптағы өз поэзиялық туындысын жатқа оқуы арқылы өтеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

  • Байқауға 7-12 жас аралығында балалар ғана қатыса алады.
  • Оқылатын шығарма екі шумақтан, он екі жолдан аспауы міндетті.

Конкурс 4 маусымнан бастап 12 маусым (қоса есептегенде) аралығында өткізіледі.

Үміткер шығарманы (шығармасын) әлеуметтік желідегі өз парақшасында бейнебаян жасап оқып, #tilqazyna, #tilulttynqazynasy деп тегтейді.

Қазылар алқасы бағалау кезінде шығарманы оқу мәнері, тақырыптың кең ашылуы, төлтуынды болса, көркемдік мазмұнын бағалай отырып, кімнің өз оқырмандарынан көп ұнамды белгі алғанын ескереді.

Челленджді өткізудің тәртібі

Челленджді «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ұйымдастырушысы болып табылады.

Челленджді өткізу туралы хабарландыру 2020 жылғы 4 маусымда Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасы мен сайттарында жарияланады.

Челлендж қорытындысы бойынша хаттама әзірленеді.

Қорытынды ережелер

Челлендждің қорытындысын сараптау үшін құрылған қазылар алқасы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Челлендждің жеңімпазы конкурсқа қатысушының әлеуметтік желідегі (facebook, Instagram, vk желілерінің біреуінде ғана) парақшасындағы постты қима (скрин) жасап, қаралым санына көз жеткізумен анықталады.

Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

  • шығарманы таңдауы, тақырыпқа сай келуі, көркем мазмұны;
  • төлтуындыға да осындай талаптар қойылады;
  • шығарманы оқу кезіндегі әртістік шеберлігі;
  • бейнебаянды түрлі техникалық тәсілдермен көркемдей алуы, қосымша музыкамен әрлеуі;
  • шығарманың, төлтуындының көрсетілген жолдан аспауы;
  • парақшадағы бейнебаянды көрушілер саны.

Челлендж жеңімпазы арнайы дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады.

Челлендж жеңімпазы туралы ақпарат байқау біткеннен кейінгі 3 жұмыс күн ішінде БАҚ құралдарында жарияланады және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылады.


010000, Нұр-Сұлтан қаласы Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-38

Тегтер: байқау, рәміздер, жастар, үн қату, жасөспірімдер
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

164

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»