Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әлеуметтік желі терминдері талқыланады

23.6.2020 418
​ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 25-маусым күні сағат 11.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.

Бүгінде әлеуметтік желі әлем мойындаған ақпарат алмасудың бірден-бір құралы болып табылады. Десек, те әлеуметтік желі - ақпарат пен нарықты дамытумен қатар қазақ терминдерінің қоғамдағы орнын айқындаушы, ұлттық тілдің мәдениетіне ықпал етуші құрал. Аталған шара әлеуметтік желіде қолданылатын терминдердің терминжасамдағы орнын айқындауға, ұлттық тіл мәдениетіне ықпалын анықтауға бағытталады.


Онлайн-конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Құныпияұлы Шүленбаев, Shonbay Online университеті PR & Media бөлімінің жетекшісі, SMM-manager, копирайтер Ақерке Беріккелдіқызы Камал әлеуметтік желі терминдерінің қолданысы, оның тіл мәдениетіне әсері жөнінде ой қозғайтын болады.


Әлеуметтік желі терминдеріне қатысты сұрақтарыңызды termincom.kz сайтының youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар

Тегтер: Терминком, Тіл-Қазына, ЖАСТАР ЖЫЛЫ, Әлеуметтік желі, Латын әліпбиі
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

112

ақпарат

АБАЙ АЙТҚАН ҚҰНЫ АЛТЫН СӨЗ ЗЕРЕГІ…

92

ақпарат

БАЙҚАУҒА ДЕГЕН ЫНТА ЖОҒАРЫ

164

ақпарат

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»