Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«-ОВ» ТУРАЛЫ

16.5.2022 384
Газет-журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар» жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан бұлай жұртқа өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе, қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді. Студент Ыдырыс Оразалыұғлы. Басқарма.

Біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін мақұл көреміз, мұны елеусіз тастамасқа ықтиһад етерміз. Бұл туралы айтарлық бірер сөз бар. Біздің қазақ фамилия орнына өз əкесін атаса,«ов, ин, ва, на» орнына «ұғлы, қызы» деп жазуда ыңғайсыздық жоқ,«Ыдырыс Оразалыұғлы» деген секілді. Ал жұрттың көбі фамилия орнына үлкен əкесінің я бабасының атын жазады, мысалы, «Ғалихан НұрМұхамедұғлы Бөкейханов» деген секілді. Мұндайда «НұрМұхамедұғлы» деу ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының ұлы қылып жазудың реті келмесе керек. «Ғалихан Бөкейхан» делінсе, ретке келіңкірер еді:«Бөкейхан» деген руын атағандай болар еді,«Атығай, Қарауыл, Айдабол, Қаракесек» деген секілді.

Қазақтың руының өзі орыстың фамилиясына тура келді ғой.

Енді бір əйел атын алайық: «Нəзипа Сағызбайқызы Құлжанова» дегенде,«Құлжан» деуіміз һəм «НұрғалиҚұлжанов» дегенде де «Құлжан» деуіміз, яғни əйелдің де, еркектің де фамилиясын бір қалыпта атауымыздың ыңғайсыздығы болмас па? Жəне де, мұндайда «ұғлы, қызы» делінбей, əкесінің атын қалдырып, «Нұрғали Құлжан» я «Нəзипа Құлжан» деп жазсақ, жай екі кісі аталып тұрған секілді болады һəм ілгері-кейін тұрғанынан байқалмаса, араласқанда қайсысы өз аты, қайсысы фамилиясы екендігі білінбей қалса керек.

Фамилияны жоғарғы айтқандай қылып қалдырамыз ба, жоқ басқа бір ыңғайлысын табуға бола ма, оқушылар, не айтасыз?

Ахмет Байтұрсынұлы

1915 ж.

Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлының фамилия туралы мақаласы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

148

ақпарат

ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

190

ақпарат

ӘРІПТЕС САПАРЫ

140

ақпарат

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ-ӘДЕБИ ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОҒЛЫНЫҢ РӨЛІ