Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘРІПТЕС САПАРЫ

29.6.2022 315
2022 жылғы 28-30 маусым аралығында тәжірибе алмасу мақсатында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақанова Жұпар іссапармен келді. Үш күндік іссапар барысында Жұпар Рысқұлқызы Орталық Бас директорының орынбасары Лиза Қожаққызымен және Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Мақсұтқызымен кездесті. Іскер пікір алмасулар барысында қазіргі өңірлік орталықтардың хал-ахуалы, өзекті мәселелері, қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Әріптестер өзара мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі, оқу-әдістемелік өнімдерді жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу сапарларын жоспарлау туралы ой бөлісті.

Кәсіби салаларға бағыттап мемлекеттік тілді оқыту – өзекті мәселе.

Сондықтан алдағы уақытта салалық қазақ тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығаруда әр өңірдің кәсіби саласын ескере отырып шығару тиімді әрі оны Қоғамның Әдістеме басқармасы үйлестіруі арқылы жүзеге асыру ұтымды болады деген ұсыныс қаралды. Сонымен қатар, әлемдік тіл оқыту тәжірибелері, олардың жетістіктері ортаға салынды.

Осы орайда Жұпар Жақанова Қоғамның Әдістеме басқармасы өткізген тіл үйретудегі отандық әдістеме тәжірибесінің отырыстары маңызды және семинар қорытындыларын өңірлерге үйлестіру, түсіндіру жұмыстары оң нәтижесін береді деген ойымен бөлісті.

Бұдан орталықтардағы неізгі әдістеме қазақ тілін шет тілі ретінде, яғни аралық тілсіз оқытуға баса назар аударылу керек деген қорытынды жасалды.

«Әдістемелік кеңес, өзара тәжірибе алмасу, идеяларды ұсыну отырыстарының нәтижесі нақты жүзеге асқан жұмыстар түрінде көрінетін болады»,– деді Жұпар Рысқұлқызы сапар қорытындысы туралы сұрағанымызда.

Лайымда солай болғай.

Тегтер: тәжірибе
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

283

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ

813

ақпарат

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

364

ақпарат

ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА