Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Поворот» бар ма?

14.12.2016 2192
Осы бір сөз күніне неше мың рет немесе миллион рет қолданылады екен? Қызықтың барлығы қоғамдық көлікте болатын сияқты. Ұрлап кетті, жырлап кетті, тиіп кетті, «Пешті өшір, мына жер күйіп кетті», «Тоқтаңдар, ауа жетпей, мына кісі құлап қалды», әмиянын жоғалтып, әлдебіреу жылап қалды...

Дәл осылай қоғамдық көлік жүргізушісі мен кондуктордың таңы атып, кеші батады. Әйтеуір, олардікі күнде айқай. Әрбір аялдаманы айту үшін, айқайдың көкесін танытуың қажет. Біреуі естиді, біреуі құлаққапты шешпейді, сол себепті аялдамадан түспейді. Өтіп кетіп, айқайлап, «Тоқтаңдар!»-деп, кондукторды күштейді. Жүргізуші тоқтамайды, кондуктор құлаққабы үшін боқтамайды, сабырлы кейіппен келесі аялдамадан түсуін өтінеді. Жолаушыда амал жоқ, жүргізушінің тоқтаған жерінен түседі. Мінекей, қоғамдық көліктегі жолаушылар жүргізуші мен кондуктордың көмегіне сүйеніп, мекенжай, аялдаманы сұрап, тоқтауын өтініп, жетер жеріне дейін осы кісілерге бас шұлғып тұратыны анық. Яғни әрбір айқайлап айтылған сөзін естіп, өздеріне сіңіріп тұрады. Кондуктор аялдаманы қалай айтса, жолаушы да дәл солай қабылдайды. Мен үшін мезі болған бір сөз бар. «Поворот» бар ма? Осы сөздің аудармасы жоқ-ау деймін. Кез келген бұрылыстың аты – Поворот, қазақтар үшін. «Бұрылыстан бар ма?» -десе, қайтеді? Ешқандай қиындығы жоқ. Құрылыс сөзін күнделікті өмірде біршама қолданып жатамыз. Әй, бірақ құрылыста істейтін біреумен кездейсоқ танысып: «Қайда жұмыс істеп жатсың?» десең, стройкада дейді. Осындай бір жүйкеңді тоздырып, қысымыңды көтеретін сөздер бізде көп қой. Және оны қолданып жүрген өзіміз. Тағы да қыстырылып қалмаса, сөйлем құралмайтын даже, уже, ну, да, конечно, и, норма, объязательно, посмотрим деген сынды сөздерді айта-айта ауыз талды. Мұндай қыстырылған сөздерді қолданбай-ақ, өзіміздің ана тіліміздегі оқшау сөздерді, көмекші сөздерді қолдануға болмай ма? Әбден санамызға сіңіп, тілдік қолданысымызға мықтылап бекініп алған бұл сөздерді шығару үшін қанша уақыт кетеді екен.

Уақыт зымырап өтеді де кетеді. Бірақ ана тіліміздің таза қалпын сақтай алмай, дүбәрә сөйлемдермен, ақыр аяғында, түбегейлі орысша сөздермен сабақтап, аяқтап тынбасымызға кім кепіл? Сол себепті де, құрметті көлік жүргізушілері, кондукторлар, сіздер үнемі халықтың ортасында жүресіздер, солармен бірге әрбір күндеріңізді өткізесіздер, ауыздарыңыздан шыққан әрбір аялдаманың дұрыс айтылуына және қазақ тілінде сөйлемнің дұрыс қолданылуына үлкен мән беріңіздерші, өтініш.

Тегтер: поворот, кондуктор, қоғамдық көлік, жүргізуші, бұрылыс, құрылыс

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55

ақпарат

Екібаста бір тіл

214

ақпарат

Қазақ тілінде оқымаса, не үшін мектеп салдық?!

426

ақпарат

Ана тілі – арым дейтін жастар көп