Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз

5.4.2017 1557

«Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда ана тілім, сен ешқашан өлмейсің»,- дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық Солтанов.

«Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда ана тілім, сен ешқашан өлмейсің»,- дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық Солтанов.

– Арқалық Рысбекұлы, Қосағашты мекендейтін қандас бауырларымыз туралы сырттай көп еститінбіз. Мұндағы ағайындар өзара қазақ тілінде ғана сөй-леседі екен. Рас па?

– Әр халықтың ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ халық ұлт болып өмір сүре алмайды. Сондықтан, кез келген халық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Сол қорғаушылардың қатарына біздің Шүй қазағының ерлігі бағалы. Ата-бабамыз басынан қанша қа-сіретті өткізсе де, діні мен тілін жатқа баламады. Біздерге алтынның сынығындай жеткізіп, аманат қылып табыстады. Шүй қазағы – әлем бойынша тарыдай шашылып жатқан қазақтардың арасында таза ана тілінде сөйлеу жағынан бәрінен жоғары тұрған бірден-бір жұрт. Қанша қилы заманды басынан өткерген біздер ана тілімізді сақтап қа¬луға бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз.

– Шүй деп отырғаныңыз жердің атауы ма?

– Осы Шүйді ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері мекендегелі тіліміздің тағдырын ойлаған Шәкіртқажы бабамыз бастаған, бертін келе тілімізге сара жол а-шып берген Союз Шәкерұлы, Мұрат Өтепұлы сынды ағаларымыз қоштаған небір тұлғалардың есімі еліміздің есінде мәңгілік қалды. Ал осы күнде қазақ тілінің тірші-лігі үшін Әуелхан Жазитұлы бастаған біраз азаматтар мен қазақ тілі пәнінің ұстаздары күресіп жүр. Қазіргі дамыған заманның талабына көніп, мұғалімдеріміз мектеп оқушыларына оқулық жазуға мәжбүр болып отыр. Ресейдің Таулы Алтай өңіріндегі Шүй қазағы қандай тағдырдың тәлкегіне түссе де, тілінен ешқашан айырылмаған, мұнан кейін де айырылмақ емес.

– Оқулықты мұндағы белсенді азаматтардың өздері жазады дедіңіз бе?

– Қосағаш ауданында 10 мың ғана қазақ тұрады, ал республика бойынша 12 мыңнан асады. Төлеңгіттермен өзара береке-бірлікте, бауырласып өмір сүріп жатырмыз. Ал оқулық жайына келсек, мектептерімізде қазақ тілі сабағы пән ретінде өтіледі. Арнайы қазақ мектебі жоқ болғанмен, соның өзінде тіліміздің тағ-дырына бей-жай қарай алмаймыз. Осы орайда атажұртымыз Қазақстанға, Елбасына шексіз ризашылығымызды жеткізгіміз келеді. Бізге, шалғайдағы, шет елдегі қандастарына деген көзқарасы ерекше екеніне көзіміз жетті. Оқу-шыларымызға оқулықтарын тегін жіберді. Бірақ сол оқулықтар шаңға батып, қойма түбінде қор болды. Күніне бір емес, бірер рет ашып көріп, «Қашан беттерін ба-лаларымыз астарлар екен» деп армандап отырған жайымыз бар. Оның себебі, жергілікті биліктің заңы бойынша бұл оқулықтар сараптамадан өтпейінше, қолданысқа тыйым салынды. Соның салдарынан шынын айтқанда, тіл өте түйткіл-ді мәселе болып отыр. Сондықтан, атажұртымыз Қазақстанның оқулықтарын балаларымыз оқуға Ресей заңы бойынша рұқсат етілмесе де, өзіміз оқулық жазып кәдемізге жаратудан басқа амал таппай отырмыз. Оқулықтарды құрап жазып алсақ та, оның жарыққа шығуы қалай болады деген күдік тағы бар.

– Ол үшін не істеу керек?

– Оқулық құраудың жұмысы қаншалықты маңызды екені баршаға мәлім. Ресейден қазақ тілін білетін ғалымдарды тауып, сараптамадан өткізу ісі қиындық туғызуда және мемлекеттің қолдауынсыз мұны жүзеге асыру мүмкін емес. Осы орайда атажұртымыз Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Ресейдің Білім министрлігіне осы тіліміздің мәселесі жайлы үн қатса, біздің арманымыз орындалар ма еді деп, кеудемізде жылғаның көзіндей жылтыр үміт алға жетелейді... Мүмкін, сол дайын Қазақстанның оқулықтарын оқушыларымыздың емін-еркін пайдалануына жол ашып берер. Бұл тек Ресейдің Алтай Республикасында тұратын 12 мың қазақтың мәселесі емес, бүкіл Ресей Федерациясында тіршілік етіп жат¬қан миллионға жуық қазақ қандастарымыздың мәселесі...

– Бұл туралы тағы қандай мекеме, ұйымдарға өтініштеріңізді жеткіздіңіздер?

– Мектептегі оқулық туралы Ресейде тұратын қазақ мәдени орталықтарына, ұйымдарына, диаспораларына шықтық. Онымыздан нәтиже болмады. Қазақстанға іргелес болса да, олардың да жағдайлары бізбен деңгейлес болып шықты. Осы қазақ тілі оқулығы туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне де хабар беріп, үндеу жаз¬дық. Дүниежүзі қазақтары қауым¬дастығының арқасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзіне жеткізуге талпындық. Алтай Республикасына Қазақстаннан арнайы өкіл ат басын тірегенде, Алтай қазақтарының атынан өтінішімізді жеткізген едік. Бұл өтінішіміз де өкінішке қарай жауапсыз қалды. Ресей мемлекеті, Алтай Республикасының білім министрлігі бізге туған тілдеріңді оқы-майсыңдар деп қысым жасап отырған жоқ. Ресейдің заңында, «Егер мектептерде оқытылатын пәндердің оқулықтары жоқ болса, сол пән жабылуға ұшырайды», деп жазылған. Осы заң ғой бізге кедергі келтіріп отырған. Сол үшін телефон арқылы сіздермен осы ойымды бірге бөлісуді жөн санадым.

– Ресейде қазақ тілінде оқулықтар шығарыла ма?

– Осы ойымның соңғы түйіні: мектептерімізде қазақ тілінен оқулықтар болмаса, Ресейдің заңы бойынша қазақ тілі сабақтарын жаңа оқу жылында факультатив етіп тастауы мүмкін. Егер де солай болатын болса, «Шүйдің қазағы» деген атымыз өшпей ме? Тілімізді қорғай алмасақ, ата-бабамыздың аруағы разы болмас. Бұл мәселені тілдің қадірін түсіне білген адам ғана терең ұғына алады. Сол себептен, әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы он-дықтар қатарында тұрған ана тілімізді сақтап қалуға Шүй қазағы жанын салуда. Осы пікірімді тарихи Отанымнан басқа кімге жолдаймын?! Мүмкін тіл тағдыры үшін көптеп күресіп жүрген қандас ағаларымыздың қолұшы тиер деп, тілімнің тіршілігін көзіме жас алып отыра осылай жеткізуге мәжбүрмін.

– Өзіңіз немен айналысып жүрсіз?

– Алтай Республикасында жалғыз қазақ тілінде тарайтын «Шүйдің нұры» газетінің редакторымын, http://altai-kazahy.ru сайтының әкімшісімін.

P.S. Мұрынын шүйіріп ана тілін менсінбей жүрген кейбір отандастарымызға ой түйгізерлік ресейлік қандас бауырымыздың жанайқайы шетелдік қандастарымыздың көкейіндегі бәріне бірдей ортақ күй, ортақ наз деп қабылдадық... Қай елдерде қазақ тілі пән ретінде өтіледі? Оларда қазақ тіліндегі оқулықтардың мәселесі қалай шешілген? Жалпы, шетелдік қандастардың рухани мұң-мұқтажына біздің елімізде қаншалықты көңіл бөлініп отыр? Екіншіден, оларға Қазақстан тарапынан қандай қолдау, көмектер көрсетілуде? Таулы Алтайды мекендеген мына азаматтың әңгімесіне құлақ түрсек, бұл тұрғыда әлі де бізде шешімін тауып үлгермеген мәселелер баршылық сияқты. Бұл іс екі елдің білім министрліктері арасындағы бірлескен мәмілеге келіп тірелері сөзсіз. Сөзіміздің түйіні: Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қосағаштық қандас қаламгердің өтінішіне құлақ асып, Алтайдың арғы бетіндегі ағайындардың үмітін аяқсыз қалдырмауға, отандық оқулықтардың кедергісіз оқытылуына, болмаса қазақ тілі пәні бойынша арнайы оқулықтармен толық жабдықталуына ықпал ете алса екен деген тілек бар.

Тегтер: қазақ тілі, ана тілі, төл тілім, атажұрт, қандас тілегі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

357

ақпарат

Аударма Орталығының статусын ұлттық институт деңгейіне көтеру керек

696

ақпарат

Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге "міндетті" болуы тиіс!

723

ақпарат

Тілден алыстау – ұлттан алыстау…