Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тілмаш арқылы сөйлестік

7.4.2017 2091
Мемлекеттік тілді құрметтеу – Қазақстан азаматтарының парызы. Ал қазақ тілін меңгеру – осындай құрметтің ең биік дәрежесі десек артық айтқандық емес. Бұл, әсіресе, өзге ұлт өкілдері тарапынан орын алып жатса, әрине, қуанасың. Бірақ өкінішке орай мұндайды көп көре бермейсің. Ал еліміздің тіл саясатының басты бағдары – мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын барынша кеңейту емес пе? Осы орайда былтыр басымыздан өткен мына бір көрініс ойымызға оралып отыр. Өзге лауазым иелеріне сабақ болар деген үмітпен жазуды жөн көрдік.

Ауданымыздың Тұтынушылар­дың құқықтарын қорғау басқарма­сының санитарлық қадағалау бө­лі­мінің бастығы Михаил ­Болотин­ге жұмыс бабымен жолықпақ болып, қабылдауына кіргенбіз. «Ассалаумағалейкүм» деген ізетті сәлемімізге «Здравствуй» деп ­жауап қатып, самарқау амандасқан басшы мекеме қызметкері Зоя Диханбаеваға: «Бұл кісілер орысша онша түсінбейтін секілді. Сіз қазақша түсіндіріңіз» деп үн қатты. Яғни Зоя Диханбаеваны тілмаштыққа шақырды.

Қазақстан Республикасының азаматы, оның ішінде мемлекет­тік ұйым басшысының «ассалау­ма­ғалей­күмді» білмейтіні таңғал­дырды. Болотин мырзаның қазақ ұлтының азаматымен қазақша сөйлесуге құлқы жоқ екенін сезіп пұшайман күйге түстік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында: «Қазақстан Республи­касындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазулы тұр емес пе. Сонда деймін-ау, мемлекеттік тілімізді осындай лауазымды шенеуніктер шетқақпай қылып тілмаш арқылы сөйлесуіне не жорық?

Елбасы 2025 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар үлесі 95 пайызға жетуі тиіс» деген мақсат қойғаны белгілі. Ал Болотин мырза осындай баптар мен міндеттердің бар екенін біле ме екен? Әй, қайдам?.. Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындар санының дені қазақ ұлтынан құралатыны шындық болса да, зейнеткерлік жасқа ­жа­қындаған мырзаның қазақ тіліне самарқаулығына, тілмаш арқылы сөйлескеніне қарап жиырма бес жылда мойындамаған тілді енді таяу жылда үйренеді деген сенімнен гөрі күдігіміз басым.

Тегтер: қазақ тілі, ана тілі, басшылар бейілсіз

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

1718

ақпарат

Атауларға абай болайық

1707

ақпарат

Екібаста бір тіл

1720

ақпарат

Қазақ тілінде оқымаса, не үшін мектеп салдық?!