Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластары

3.5.2019 769

Ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Alash» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына Қазақстан Республикасы Премьер министрі кеңсесі, орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысады. Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Тегтер: Ілеспе аударма, тренинг, емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, орфография, орфоэпия,
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

18

ақпарат

«Салалық терминологияны қазақ тіліне бейімдеу мәселелері» атты онлайн-семинар өтеді

120

ақпарат

Журналистерге арналған семинар өтті

207

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізудің тиімді әдістері