Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ашық талқылау өтеді

13.2.2020 471
Өтетін күні: 14.02.2020

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 14 ақпанда республика көлемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша филолог ғалымдр мен тіл мамандары арасында ашық талқылау шарасы өтеді.

Шараның мақсаты – орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобаларын талқылау.

Республикалық көлемде барлық өңірлерде өтетін ашық талқылау жергілікті Тіл басқармалары арқылы ұйымдастырылып, оған филолог ғалымдар мен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары қатысады.

Талқылау барысында ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс, пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінде жинақталып, оған мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг қорытындылары Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Терминологиялық, Әдістемелік, Сараптама және Техникалық сүйемелдеу топтарының бірлескен кеңесіне ұсынылып, талқыланады.

Жұмыс тобының ғалымдары ұсынылған әліпби жобаларын талқылап, ғылыми негіздемемен қорытынды шығаратын болады.

Байланыс телефондары: 55 -67- 26, 55- 67 -27, 55- 67-28

Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

109

ақпарат

Терминологиялық сөздіктер жасау бойынша онлайн-конференция өтеді

320

ақпарат

​Ілеспе аударма жүргізу курсы басталды

180

ақпарат

Ақпараттық технология саласының терминдері талқыланды