Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Көпшілік алдында сөз сөйлеу

14.2.2020 788
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 13 ақпанда «Көпшілік алдында сөз сөйлеу немесе медиабелсенділік» атты тілдік біліктілік арттыру шарасы өтті.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкердің көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін жетілдіру және медиабелсенділігін одан әрі дамытуға ықпал етуді мақсат еткен шара жоғары деңгейде өтті.

2016 жылдан бастауын алған дәстүрлі бұл шара облыстың 100-ден астам мемлекеттік қызметкерлерін және білім беру саласының мамандарын қамтыды. Биылғы шараға облыстық басқармалар мен департаменттерден 30-ға жуық өкіл қатысты.

Курсты кәсіби білікті журналист, белгілі тележүршізуші Жаңалық Ақаш және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Есенғұлова жүргізді. Шара барысында қатысушылар:

  • Қазіргі әлемдік жаһандану заманында медиабелсенділіктің маңызын;
  • Интервью беру, баспасөз мәслихатын өткізу;
  • Әлеуметтік желіде парақшаларды дұрыс, сауатты, тартымды жүргізудің тиімді жолдарын;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетінің 7 ережесін;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу кезеңдерін;
  • Көпшілік алдында сөйлеуге арналған 5 көмек;
  • Аудиториямен байланыс орнатудың әдіс-тәсілдерін, сөз орамдарын дұрыс пайдалану дағдысын,
  • Аудитория алдында өзін ұстау мәдениетін, көпшілік алдында сөз бастау және аяқтау тәсілдерін және т.б. интерактивті әдістер арқылы жан-жақты меңгерді.

Шара барысында қатысушылар түрлі ойын, тренингтер арқылы көпшілік алдында сөз сөйлеу кезіндегі қобалжуды, қорқынышты жеңу, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру әдістерін үйренді. Өз ойларын «Еркін микрофон» айдары арқылы ортаға салды. Тартымды әрі қызықты өткен шара туралы қатысушылар оң пікір білдірді, алдағы уақытта өз жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді. Шара соңында барлық қатасушыларға сертификат, таратпа материалдар мен журналдар табысталды.


Тегтер: Ақтөбе, мемлекеттік қызметкер, медиабелсенділік, әлеуметтік желі, пост
Авторы: Ақмарал Сағынбайқызы Сүгірбаева, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

109

ақпарат

Терминологиялық сөздіктер жасау бойынша онлайн-конференция өтеді

320

ақпарат

​Ілеспе аударма жүргізу курсы басталды

180

ақпарат

Ақпараттық технология саласының терминдері талқыланды