Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

25.5.2020 1043
2020 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы» атты онлайн семинар өтеді.

Жаһандану жағдайында қазақтың ғылыми тілін дамыту үшін ақпараттық технология терминдерінің ұлттық үлгісін жасау, жетілдіру, жүйелеу мәселелерін талқылау және шеттілдік терминдерді игерудегі сәтті тәжірибемен бөлісу – семинардың басты мақсаты.

Кей терминдердің түрлі баламада қолданылуы, яғни теледидар, газет-журналдарда, оқулықтар мен әдебиеттерде түрлі баламаларының қатар жүруі, оның ішінде сәтсіз баламалардың болуы шеттілдік терминдерді түпнұсқа түрінде қолдану қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға кедергі келтіруде. Осы орайда терминдердің бірізділігін сақтау – өзекті.

Онлайн-семинардың баяндамашылары ақпараттық технология саласындағы жекелеген терминдердің әртүрлі баламада қолданылу фактілеріне тоқталып, қолданыстағы шеттілдік терминдердің үлес салмағын азайтудың жолдарын ұсынады, авторлық қолданыстағы сөздер мен терминдердің ұлттық терминологияны жетілдіруге тигізетін әсері мен салдарын талқылайды.

Сондай-ақ семинарда сала мамандары мен жұртшылыққа әдістемелік жағынан қолдау көрсету көзделеді.

Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық www.termincom.kz сайтының YouTube каналынан көре алады.


Өтетін орны: Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7а.

Басталуы: сағат 10.00.

Тел.: 8 (7172) 27-30-42

е-mail: orazgul-astana@mail.ru

Тегтер: Термин, атау, ономастика, терминология, ардагерлер
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

102

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

90

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

138

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР