Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қылқаламды өзіне серік еткен

10.10.2016 2377
​Жуырда Оңтүстік Астананың төрінде киелі М.Әуезов драма театрында  жырақта жүрсе де, жүрегі «Қазақ» деп соққан қандастарымыздың картиналарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқан картиналардың әрқайсысы ерекше туынды. Көрмеге келген көрермендерді еріксіз баурап, терең тұңғиыққа жетелеген туындылар да аз болмады.

Әсіресе, Қытай Халық Республикасының атынан қатысқан Үйсін Тұрсынбекұлы Мизамхан өзінің таңдаулы туындыларымен бас жүлдені қанжығасына байлады. Бас бәйгеге ие болған талантты суретшінің тың жұмыстарымен танысу мақсатында өзімен әңгімелескен едік.

- Сізді жеңіске жетелеген туындыңыз жайында айтып берсеңіз.

- Көрмеге 6 туындымды («Абай Құнанбаев», «Болашақ», «Отан тұлғасы», «Аңшы қыз», «Қазақ қызы», «Мұхаметжан Тынышпаев») алып келдім. Басым көпшілігі портрет форматында. Осы туындылардың ішінде Абай атамыздың портреті мені жеңіс тұғырына шығарған секілді. Бұл туындының сиясы әлі күнге дейін кеппеген деп айта аламын. Себебі бұл картина осы көрмеге алғаш рет қойылды. Және де бастамасы жаман емес. Бас жүлдені иеленуіме үлкен септігін тигізді. Осы туындымды 15 күнде салдым.

- Алланың көпке беймәлім, талантты жандарға даритын өнері бойыңыздан қалай және қашан байқалды?

- Қанымыз қазақ болғанымен, мекеніміз жырақта болды. Қытай Халық Республикасы Іле облысындағы Сарыбұлақ қаласында 1986 жылы дүниеге келдім. Елге деген сағыныш, Отанды аңсау, өз еліңнің топырағына аунап, суын татып, ауасын жұту деген үлкен бақыт қой. Мінекей, жүрегінің түкпірінде сағыну сезімі бар жандарда ерекше өнердің бір ұшқыны болатындай. Сондай бір ұшқын менің бойымнан 10 жасымнан пайда болды. Бастауыш сыныптан сурет салуға қызығушылығым оянап, сол кезеңдерден бастап бейнелеу өнеріне бет бұрдым. Арнайы суретшілік өнерді оқып, кәсіби білім алған емеспін. Алланың берген таланты және дарыны деп білемін.

2008 жылдан бастап майлы бояумен сурет салуға көштім. Жүрегіме жақын қабылдаған дүниені салғым келеді. Суретті талдап, талғап жатпаймын. Өзіме ұнаған кез келген болмысты жаңа туынды етіп шығарғым келеді.

- Қазақтың ана тілін насихаттауға бағытталған туындыларыңыз бар ма?

- Дәл бүгінде жоқ. Бірақ, әлбетте, салуға болады. Мінекей, өнер фестивалі аясында біршама туындыларды көрермендердің назарына ұсынған болатынмын. Алдағы уақытта өтетін фестивальдерге тіл төңірегіндегі тақырыпта картина жазатын боламын.

- Әңгімеңізге рақмет!

Тегтер: қылқылам шебері, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, шетел қазақтарының өнер фестивалі, көрме

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

354

ақпарат

Аударма Орталығының статусын ұлттық институт деңгейіне көтеру керек

694

ақпарат

Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге "міндетті" болуы тиіс!

721

ақпарат

Тілден алыстау – ұлттан алыстау…